Көтерілген мәселелер бақылауға алынды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов «Аmanat» партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдады. 

№4 мектеп-интернатының директоры А.Мұстафинова нашар еститін балаларға арналған оқу орнына жапсаржай салудың тоқтатылуына алаңдаулы. Құрылыс және сәулет басқармасы басшысының орынбасары В.Фелбелттің айтуынша, жобаны іске асыру 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда бөлінген 132,9 миллион теңге бюджет қаражаты толық көлемде игерілді. 2022 жылға республикалық қазынадан субвенция есебінен 517,5 миллион теңге қарастырылды, бірақ, оның ішінде 384,5 миллион теңге ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін басым жобаларға бюджетті нақтылау кезінде алынып тасталды. Сондай-ақ, бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жұмыстары жүргізілуде. Бюджет қаражаты бөлінген кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталады.

Серік Қабдрахманов «Көктем»  шағын ауданындағы №14, 15, 16 үйлердің ауласын абаттандыру туралы өтінішпен келді, онда кезек тәртібімен тұрғын үй алған қала тұрғындары тұрады. Ішкі істер министрлігінің зейнеткері ойын алаңының жай-күйіне, спорттық жағдайдың болмауына және басқа да бірқатар проблемаларға алаңдайды.  Мәселені Көкшетау қаласының ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Е.Серікпаев түсіндіріп өтті, ол жөнделетін аулалардың тізімін қалалық мәслихат комиссиясы қалыптастыратынын хабарлады. Жақын арада мәслихат аппараты аталған нысанға баруды жоспарлап отыр, оның қорытындысы бойынша қалалық әкімдікке сұраныс дайындалады.

Приречное ауылының тұрғыны М.Байғылбаев Зеренді ауданының бірқатар ауылдарында электр желілерінің жиі соғуы туралы мәселені көтереді. Зеренді ауданының әкімі А.Жақсылықов түсіндіргендей, аталған мәселені реттеу үшін әкімдік екі рет жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы қаулы шығарды. Жағдай аудан әкімінің бақылауында және өтініш иесінің тілегі назардан тыс қалмайды.

Қала тұрғындары Б.Гапуров пен Қ. Елеушов ауланы абаттандыру, кәріз құдықтарын тазалау, жолды жөндеу, қоқысты жинау, бейнекамералар орнату сияқты коммуналдық сұрақтармен жүгінді. Мәселе бақылауға алынды, жекелеген мәселелер бойынша уәкілетті органдарға сұраныстар дайындалатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар