Нормативтiк-құқықтық актiлер – заңды іске асыру тетігі

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 49-бабына сәйкес нормативтiк-құқықтық актiлердiң заңдылығы қамтамасыз етiлетін шаралардың бірі нормативтiк-құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңнамалық актiлерде белгiленген құзыретке сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары, өздерi қабылдаған немесе әзiрлеген Заңға тәуелді. Мұндайда бұл уәкiлетті органдар нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттің органдары мен лауазымды адамдары болып табылады.

Құқықтық мониторинг Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесін жасайды.

Мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілер мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақытылы қабылдайды.

Құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 Қаулысымен, Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларымен бекітілген. Жергілікті деңгейде мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдері, әкімдіктердің қаулылары, әкімдердің шешімдері және тексеру комиссияларының қаулылары құқықтық мониторинг объектісі болып саналады.

Қабылданған нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған заң актілерінің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасаудың нақты жолы болып табылады.

Құқықтық мониторинг заңнамалық актілерді, сондай-ақ, заңнамалық сатысы бойынша одан жоғары тұрған заңдар негiзiнде және оларды орындау үшін немесе одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге өз септігін тигізеді.

Сайран ҚАҢТАРБАЕВА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы,

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар