Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда есірткі жасалып келген фитозертхана жойылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда есірткі жасалып келген фитозертхана жойылды

– Ақмола полицейлері есірткі өндірісіне арналған фитозертхананы жойды. Өңір аумағында заңсыз бизнесті Павлодар облысының үш тумасы ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция құрылымдарының бірлескен арнайы операциясы нәтижесінде күдікті ұсталып, тінту кезінде одан 195,22 грамм марихуана есірткі заты бар 11 пакет табылған.

Тәркіленген есірткі заттарының кепілгері де ұсталды. Тергеу шаралары аясында 20 жастағы азаматтың Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екені анықталды.

Жедел уәкілдер осы препаратты сатып алу арнасын анықтаған кезде, тағы бір 21 жастағы павлодарлық ұсталды. Полиция одан салмағы 145,52 грамм болатын ұқсас затты тапты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында марихуана Көкшетау қаласының аумағында жасалғаны анықталды.

Сол күні жалға алынған жеке үйде жедел уәкілдер үшінші арнайы операция жүргізді, соның нәтижесінде жерасты фитолабораториясының ұйымдастырушысы болған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері каннабис өсімдігінің (қарасора) 10 бұтасын тәркіледі. Жалпы салмағы 1,32 кг және салмағы 2 килограмға жуық кептірілген марихуана салынған 2 пакет табылды. Сондай-ақ, нысанда арнайы жабдықтар болды: жарық және диодты шамдар, желдеткіштер, термометрлер, ылғалдылықты өлшеу құралдары мен қарасора тұқымы бар сөмке. Сонымен қатар, есірткіні қолдануға арналған 3 құрылғы тәркіленді.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпталушылар қамауға алынды. Павлодарлықтардың үшеуі де біраз уақыттан бері құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен, Көкшетау аумағында есірткілерді заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқаны анықталды.

Фото: polisia.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар