Құрметті ақмолалықтар! Ардақты ардагерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында біздің рухани және материалдық игілігіміз байыды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамып, білім  және денсаулық сақтау саласы шырқау биікке көтерілді.

Сіздер – тәуелсіз Қазақстан халқына еңбектегі ерлік, даналық пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен жасампаз ұрпақтың өкілдерісіздер.

Біздің басты байлығымыз сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрімізді сақтай білген, жас ұрпаққа өздерінің өнегелі өмір жолдарымен үлгі болған өздеріңіз. Белсенді өмірлік позициясын жоғалтпаған, жастары егде тартса да бәз-баяғы, жап-жас қалпында жүргендеріңіз біз үшін қуаныш.

Осы бір айтулы күні сіздердің туған жерге деген перзенттік сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айта отырып, өңірдің қоғамдық өміріне мол үлес қосқандарыңыз үшін ақ алғысымды жолдағым келеді. Әрдайым мықты денсаулық, өмірге деген құштарлық, ет жақын туыстарыңыздың сіздерге деген жүрек жылуы мен махаббатының мол болуын тілеймін!

Құрметпен,
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

1 қазанда біз жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық қарттар күнін атап өтеміз!

Ақмола облыста бұл күні қарттарды қолдаудың дәстүрлі айлығы басталады, оның барысында біз аға буын адамдарына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бұл үлкен өмір мектебінен өткен, өзінің адал еңбегімен, біздің облысымыз бен еліміздің өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени әлеуетін құруға белсенді қатысуымен жалпыға бірдей құрметке ие болған адамдардың мерекесі.

Зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, үлкендерге көңіл бөлу және қамқорлық жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарттарды әлеуметтік қолдау және қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі.

Құрметті демалыста болса да көптеген зейнеткерлеріміз белсенді өмірлік ұстанымға ие болып, барлық білімі мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруді жалғастырып келеді.

Құрметті ардагерлер, қадірлі зейнеткерлер! Қазақстан Республикасының игілігі мақсатында адал және қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге зор ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, рух сергектігі мен оптимизм, отбасыларыңызға бейбітшілік пен жылулық, ұзақ ғұмыр мен жарқын қарттық тілеймін! Әр күніңіз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың қамқорлығы мен ықыласына толы болсын!  Өмірлеріңіз ұзақ болсын, жанның мұңы мен қайғысына жол бермейтін жүректеріңізде әрдайым жастық шақтың көңілді толқуы, өмірге деген қызығушылық жоғалмасын!

Талғат Жүнісов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар