Ақмола облысында Антикор кәсіпкерлердің құқығын қорғады

Көкшетау қаласының кәсіпкері қала аумағында жұмыс істеп тұрған сауда павильонын кеңейту және реконструкциялау мақсатында қосымша жер учаскесін алуға шешім қабылдады.

Ол рұқсат құжаттамасын алу үшін жергілікті атқарушы органға электрондық лицензиялау порталы арқылы жүгінді. Алайда, мемлекеттік органның қызметкерлері қажетті құжаттаманың жоқтығына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерге рұқсат беруден бас тартты.

Осыдан кейін кәсіпкер ЖАО басшылығына олардың іс-әрекеттерін түсіндіру үшін бірнеше рет жүгінді, сондай-ақ Е-лицензиялау порталы арқылы рұқсат құжаттарын бірнеше рет алуға тырысты.

Алты айдан астам уақыт бойы бизнес өкілі шенеуніктердің кедергілерімен бетпе-бет келуге мәжбүр болды, олар оған әр түрлі сылтаулармен кедергі келтірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменттің араласуынан кейін ғана рұқсат құжаттарын алу мәселесіне нүкте қойылды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Жарқайың ауданының жеке кәсіпкері де бюрократиялық кідірістерге тап болды. 2018 жылы кәсіпкер ЖАО-мен оған қойма ғимаратының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жасасты.

Кәсіпкер осы аумақта бірнеше жыл бойы өз қызметін жүзеге асырғаннан кейін, ветеринария саласындағы мекеме қызметкерлері осы ғимарат олардың мекемесінің балансында екенін айтып, өтініш берушіні объектіге кіруге рұқсат беруге тоқтатты.

Бұдан басқа, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот жергілікті атқарушы органның шартты бұзу туралы бірнеше рет берген талабын қанағаттандырудан бас тартты және жеке кәсіпкердің пайдасына шарттың заңдылығына құқықтық баға берді.
Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне байланысты мүгедектігі бар кәсіпкер сот ісін жүргізу орбитасына түсіп қана қоймай, сонымен бірге шексіз әуре-сарсаңға түсті.

Нәтижесінде облыстық Антикор мен «Атамекен» ӨКП-ның үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында проблемалық мәселе шешілді, кәсіпкерге қойма үй-жайына кіруге рұқсат етілді.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басымдықтарының бірі бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Осы тұрғыда облыстық Департамент адал кәсіпкерлердің құқықтарын ведомствоның өзі де, басқа да мемлекеттік құрылымдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау жөнінде шаралар қабылдауда. Бұдан басқа, бизнес субъектілерінің проблемаларын жедел шешу және өңірдің іскерлік ахуалын жақсарту мақсатында «Атамекенмен» өзара іс-қимыл күшейтілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар