Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті. Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды.
Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.
Дереккөз: www.akorda.kz