Құрылыс саласындағы жобалар іске асырылуда

Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола облысы әкімдігінің кезекті отырысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы қаралды.

Ведомство басшысы Марат Әубәкіров өңірдегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыста 3290-ға жуық коммерциялық тұрғын үй және жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. 2022 жылдың соңына дейін тағы 1605 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында 2018 жылдан 2021 жылға дейін мемлекет Атбасар, Аршалы, Ақкөл, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласындағы 2,1 мыңнан астам жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз етті. 2022 жылы 2,1 мыңнан астам учаскеге инженерлік желілер жүргізу жоспарлануда.

Ақмола облысы тек облыс орталығында ғана емес, Ақкөл, Атбасар, Есіл, Ерейментау, Макинск, Қосшы, Щучинск қалаларында және Аршалы және Ақмол ауылдарында салынып жатқан кредиттік үйлер құрылысының географиясын кеңейткен республикадағы алғашқылардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Марат Әубәкіров әлеуметтік саланың 42 жобасын іске асыру туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың ішінде білім беру саласындағы 24 объект, 4 денсаулық сақтау, 9 спорт, 3 мәдениет объектісі және басқалары бар.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемінің оң серпінін қамтамасыз ету, тұрғын үйді іске қосудың жылдық жоспарының орындалуын бақылауды күшейту тапсырылды.

–Бүгінде құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болса, тұрғын үй құрылысы осы саланың маңызды бағыты болып табылады. Барлық жоспарларды іске асыру тұрғын үй құрылысының оң серпінін сақтауға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың санын азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Биыл өңірде 694 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмекші.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар