Ақмолалық күдікті 15 жылқыны ұрлап, 11-ін сатып үлгерген

– Полицейлер ақмолалық тұрғынның облыс аумағындағы аса ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы барын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жақсы ауданы тұрғынының жылқы ұрлауға қатысы бары анықталды. Бұрын сотталмаған 46 жастағы жылқышы шілде айында Жарқайың ауданы Баранкөл ауылында 15 жылқыны ұрлап кеткенін мойындады. Полиция қызметкерлері қаскүнемнің сарайынан 4 жылқыны тапты. Қалғанын ер адам сатып үлгерген», – деп жазды ведомство.

Айта кету керек, ұрлық жасалғаны туралы өтінішпен аудандық полиция бөліміне ешкім жүгінген жоқ.

Қазіргі уақытта Жарқайың және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері фигуранттың өңір аумағында осындай ұрлыққа қатысын тексеруде. «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар