Ақмола облысында жаңа тау-кен металлургия кешені ашылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Райгородок кен орнын игеретін RG Gold алтын өндіру компаниясы жылына 5 миллион тоннаға дейін кен өңдеуге қабілетті жаңа тау-кен металлургия кешенін іске қосуына байланысты осы салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жаңа кәсіпорын компанияға Доре қорытпасындағы алтынның жылдық өндіріс көлемін 6 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Халықаралық инжинирингтік компаниялар кешендіөндірісті автоматтандыруға және металлургияда жаңа технологияларды қолдануға баса назар аудара отырыпжобалаған. CIP «Қойыртпақты көмір» әдісі бойынша жұмыс істейтін зауытты бас мердігер «AAEngineering Group» небәрі 1,5 жыл ішіндесалып шықты.

Кәсіпорын жоғары технологиялық құрылғыларды пайдалану персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және операциялық шығындарды үнемдей отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әлемдік көшбасшылардың заманауи құрылғыларымен жабдықталған.RG Gold ТКМК жобалау және салу кезінде қоршаған ортаға шығатын қалдықтардың нөлдік деңгейі қағидатын ұстанды.

RG Gold Бас директоры Лоуренс Россоу құрылысты сапалы және мерзімді аяқтау жобалық топтың кәсібилігінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті:

–Пандемия мен геосаяси жағдайдан туындаған логистикалық қиындықтарға қарамастан, тау-кен металлургия кешенінің құрылысы небәрі 18 айдың ішінде аяқталғаны үлкен жетістік болып табылады. Жобалық топ пен бас мердігер мүмкін емес болып көрінген тапсырманы орындай алды, – деді директор.

Облысәкімі Ермек Маржықпаевқұттықтау сөзіндежаңа өндірісті іске қосу өңірдің дамуына жаңа жұмыс орындары және ірі өндірістік кәсіпорынға тауарлар мен қызметтерді жеткізу есебінен ШОБ-ты дамыту түрінде мультипликативтік әсер ететінін атап өтті.

–Мұндай нысандарды іске асыру біз үшін өте маңызды, өйткені, ол өңір экономикасына елеулі үлес қосады. Компаниямен бұрыннан келе жатқан және тығыз сындарлы қарым-қатынастар әлеуметтік әріптестік шеңберінде де жолға қойылғанын атап өткім келеді, олар белгілі бір ауданмен шектелмейді. Мұның бәрі облыстың айтарлықтай перспективалары бар және елдің әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына сәйкес дамитын өнеркәсіп секторына оң әсер етеді, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жаңа фабриканы іске қосу және оның өндірістік қуатқа шығуы өңірде өндірілетін алтынның жыл сайынғы көлемін 5 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы алтын өндірісінің үлесі 26 пайыздан 30 пайызға дейін артады, ал, әрбір 3 килограмм алтынның Ақмола тіркелімі болады.

Жаңа өндірісті іске қосу өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, олар ірі кәсіпорынға тауарлар мен қызметтерді жеткізе алады. Жобаны іске асыру үшін компания 600 орындық жаңа вахталық кент салып, қосымша 350-ден астам адамды жұмысқа тартты, олардың көпшілігі – жергілікті тұрғындар. RG Gold жүйелі түрде жақын маңдағы ауылдарға көмектесетін және жергілікті жастарға білім беру гранттарын бөлетін болады. 2015 жылы «Верный Капитал» тобының иелігіне өткеннен бері RG Gold 45 миллиард теңгеден астам салық төледі, сондай-ақ, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Айбек Данияров.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар