— Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткер Фатима Бизақованың құжаттары қабылданғанын растады. Кандидатты «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Фатима Бизақованың «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:
1. «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ф.Бизакованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі», — деп жазды ОСК.