«JASTAR KERÝENI» жобасы іске асырылды

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-15 қазан аралығында ақмолалық жастардыҚазақстанның ежелгі қалаларының бірі – Тараздыңтарихи нысандарыментаныстыратын «Жастар керуені» жобасы іске асырылды.

Делегация құрамыАқмола облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен волонтерлерден және жастармен тікелей жұмыс атқаратын мекеме қызметкерлерінен құралды.

Көне Тараз қаласының екі мың жылдық тарихы бар.Мұндағы Айша бибі кесенесі Орталық Азияның аумағында танылып қоймай, сонымен бірге,  ЮНЕСКО-ның адамзаттың аса құнды тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізіміне енген және оюлы терракоталарға тап болған жалғыз ескерткіш.

Жоба барысында делегация мүшелері «Ақыртас»,«Тектұрмас» этно-тарихи кешендері мен «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінде, Әулие-ата мешіті, Қарахан кесенесі, Ерте ислам мешіті, Қали Жүніс моншасында болып, Ғашықтар аллеясы, Жеңіс саябағы, Тұңғыш Президент саябағы, Қазақ хандығының 550 жылдығының монументі, Айша бибі Кесенесі, Бабажа-қатын кесенесі нысандарын аралады. Сөйтіп, осы сапардан зор әсер, мол тарихи біліммен оралды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар