Көкшетауда театр фестивалі өтеді

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының  70 жас мерейтойына орай 27-30 қазан аралығында театр фестивалі өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.

Фестиваль шымылдығын  27 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы  қазақ ұлттық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Қас-қағым» драмасымен ашады, қоюшы режиссері Елік Нұрсұлтан.

Басталуы: 17.30
Өтетін орны:
 Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.

28 қазан Сәкен Сейфуллин атындағы  Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Ж.Ерғалиевтың «Жетім тағдыр»” драмасын ойнайды.
Қоюшы режиссері: Айдын Салбан

Басталуы: 19.00
Өтетін орны:
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры

29 қазан Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры  Ж. Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» драмасын ойнайды.
Қоюшы режиссері: Ә.Исаева

Басталуы: 19.00
Өтетін орны:
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық  қазақ музыкалық драма театры

30 қазан  Шахмет Құсайынов атындағы  облыстық қазақ музыкалық драма театры Ж.Ерғалиевтың “Қораптағы қоқыс ” драмасымен фестиваль шымылдығын жабады.
Қоюшы режиссері: Жарас  Қалдаров

Басталуы: 14.00
Өтетін орны:
“Көкшетау” мәдениет сарайы

Театрда мерекесінің басты қонағы болыңыз қымбатты көрермен!

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар