Құрметті оқырмандар!!!

Сіздерді жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Ел ардақтаған Жабал шешен» атты аймақтық жас ақындар айтысына шақырамыз!

Бұл шара айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты дамыту, Жабал Ерғалиұлының шығармашылығын, еңбек жолын насихаттау, жастар бойына сіңіру мақсатында өткізіледі.

Айтысқа Ақмола облысынан Құрметхан Құралхан, Ерлан Дәулет, Думан Самат, Жаңылжан Жолдымұрат, Солтүстік Қазақстан облысынан Хабдолла Бейісхан, Павлодар облысынан Абзал Қабдраш, Қостанай облысынан Батырлан Сағынтай, Ұлытау облысынан Сырым Нығызбай, Қарағанды қаласынан Нұрмұхаммед Байсүгір, Астана қаласынан Нартай Тілеуқұл ақын-айтыскерлер қатысады.

Айтыстың жүргізушісі «Bolashaq saraiy»-ның қызметкері, айтыскер ақын Мұхаммед Қонқаев.

Келемiн деушілерге есік ашық. Көктем 9/1, концерт залы
Басталу уақыты: 26 қазан, 15.00

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар