Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа маусымның ашылуында қырғыз өнері де  паш етілді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа маусымның ашылуында қырғыз өнері де  паш етілді

Республика күніне орай Ақмола облыстық филармониясында 76-концерттік маусымның ашылуы аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті болып өтті. КонцерткеҚырғыз Республикасының  халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері,  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ДАҢҚ» орденінің кавалері, профессор Бақтыбек Тилегенов пен солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Шарипбек уулу Расулбекқатысып, өнер көрсетті

«Қазақ-қырғыз бір туған» дегендей тамырлас, етене жақын екі елдің туысқандығы мен достығы ғасырлар бойы жалғасып келеді.Тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрі ұқсас елдің өнері мен музыкасы да астасып жатыр. Жаңа маусым аясында ән сүйер қауым достығы жарасқан екі елдің тың шығармашылығымен етене танысып, бір серпіліп қалды.

Жиналған қауым күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен үндесе төгілген қырғыздың ұлттық аспабы – комуздың сырлы әуезінен сыр ұғып, сан ғасырлар сорабынан жеткен әдемі әуездің  ғажап үнімен тарихқа бойлай түскендей әсерге бөленді.Дәулескер домбырашы Әбілсерік Қамашев пен Шарипбек уулу Расулбектің (комуз) орындауындағы күй тартысы өнерсүйер қауымды тәнті етті.

Қырғызстанның танымал дирижері Бақтыбек Тилегеновтың жетекшілігімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі А.Айталиевтың «Нарындан жазган салам кат», «Жылкычылар», А.Жумакматовтың «Ак-куу» тағы басқа  да қырғыз халқының төл туындыларын орындады.

Оркестр дирижері Жанат Рашиттың жетекшілігімен К.Күмісбековтің «Еңбек салтанаты», «Сары өзен саздары», Ереулі атқа ер салмай», Құрмағазының «Сарыарқа», «Балбырауын» және тағы басқа тамаша туындылар көрермендер көңілін көкке өрлетті. Жезтаңдай әншілер Аякөз Қалмағанбетова мен Жанар Сақтағановалар да өз өнерлерін ортаға салып, жаңа өнер мауысымының ажарын аша түсті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар