Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар жылына арналған іс-шаралар жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Балалар жылына арналған іс-шаралар жалғасуда

Ақмола облысында Балалар жылына орай 1600-ден астам ірі іс-шара ұйымдастырылды. Бұған 5 мыңға жуық бүлдіршіндер атсалысты. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Балалар жылы бойынша құрылған өңірлік штаб өз жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте толығырақ айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, балалар жылы бойынша жұмыс жеті бағытта жүргізіліп келеді. Осыған орай, биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, бүлдіршіндердің сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы білім алуына мүмкіндік беретін ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

–Облыста ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңға жуық бала бар. Осы санаттағы балаларды қолдау мақсатында 28 арнайы білім беру ұйымы жұмыс жүргізуде. Биылғы жылы облыста жаңа жоба ашу жоспарланған. 21 маусымда Жақсы ауданының Қима орта мектебінің базасында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 15 мыңнан астам мектеп оқушыларын әлеуметтік қолдау үшін тегін мектеп формасымен қамтамасыз етуге 692 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні 1 сыныптың барлық оқушылары және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 15 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, – дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, Ботагөз Дүйсенова.

Оның сөзіне сенсек,  Балалар жылы аясында білім беру саласында  көптеген оң өзгерістер орын алды. Биыл облыс әкімі Ермек Маржықпаев әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына жазғы демалыска 1 мың жолдама табыс етті. Балаларды қорғау күніне орай, облыста аудан және қала әкімдерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтті, онда 75 мың бала қамтылды. Іс-шараларда аз қамтылған, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жалпы сомасы 3 миллион теңгеге жуық сыйлықтар берілді. 270 «Алтын белгі» иегерлері облыс орталығына шақырылып, «Болашақ» оқушылар сарайында әрбір үздік жас түлекке 100 мың теңге көлемiнде сертификат тапсырылды. Лизинг шарты және облыс мектептеріне оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында биыл 366 миллион теңгеге  65 жайлы автобус  сатып алынады. Бұл шара 207 елді мекеннен 3,5 мыңнан астам баланы тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар