«Ән – халықтың жаны» деген сөздің жөні бар

Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Ән – халықтың жаны»атты V республикалық фестивалі өтті.

Оған Астана, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Щучинск, Макинск қалаларынан қоғамдық бірлестіктердің көркемдік ұжымдары мен солистері қатысты.Фестиваль қатысушыларының алдында аталмыш республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Божко құттықтау сөз сөйледі.

Содан кейін сахнаға ұлттық костюмдермен бір-бірін алмастыра отырып, хор ұжымдары, ансамбльдер, дуэттер, солистер шықты. Білікті қазылар алқасы әртістердің өнерін төрт номинация бойынша бағалады. «Мемлекеттік тілдегі ән» номинациясында байқауға қатысушылар қазақ халық әндерін орындады.

Зал шын жүректен және үлкен шабытпен ән шырқаған әуесқой әртістердің әр қойылымын қатты қошеметпен сүйемелдеді. Олардың орындауында көрермендерді бейжай қалдырмайтын орыс, украин және казак әндері шырқалды.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған ән мерекесі көңілді өтіп, көрермендерге көптеген жарқын, жағымды әсерлер сыйлады. Қазылар алқасы фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтап, «Мемлекеттік тілде орындау» номинациясында бас жүлдені Щучинск қаласындағы «Балагуры» қазақ ансамблінің солисі Мария Кузнецова жеңіп алды. Павлодар қаласынан келген «Ертіс казактары» казак көркемсурет ұжымы үздік ансамбль болып танылды. «Тракторшы» әнін кәсіби және көркем орындаған «Синегорье» ансамблінің мүшелері Анастасия Ушакова мен Олеся Цыганованың құрамындағы дуэт өз номинациясында үздік болды. «Ертіс казактары» халықтық казак ансамблінің солисі Светлана Ещенкова жеке өнер көрсетуде жеңіске жетті. Нина Иванова мен Сергей Черников дуэті мен Көкшетауқаласынан Марина Кирсанова көрермендердіңкөңіліненшықты.

Фестивальге қатысқан барлық ұжымдар мен солистер дипломдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар