«Қарағанды-Астана» тас жолындағы апаттан 39 жастағы жүргізуші мерт болды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 1-де сағат 19:15 Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне Бабатай және Жалтыркөл ауылдары арасында «Қарағанды-Астана» автожолының 1306 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарланды.

Анықталғандай, астананың 39 жастағы тұрғыны басқарған «Рено Меган» автокөлігі жолдың жиегінде тұрған «Шансиман» жүк көлігмен соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі 32 жастағы астаналық, ол көлігін істен шығуына байланысты жолдың шетіне қалдырған.

«Апат салдарынан «Рено Меган» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді ведомстводан.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар