Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдық жерлерде жақсы істер нәтижесін бере бастады - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдық жерлерде жақсы істер нәтижесін бере бастады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарындахалықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, өңірлерді дамыту орайында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Тұрғындармен әр кездесу жыл басынан бері өңірде болып жатқан өзгерістерді жан-жақты саралаудан басталды. Өңір басшысы негізгі жетістіктерді атап өтіп, әр ауданның осыған қосқан үлесіне жеткізді.

– Біз мұндай көрсеткіштерге бір жылдан астам уақыт бойы қадам басып келеміз. Ақмола облысы жыл басынан бері республикада алдыңғы қатарда. Қазір біз 118 ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз, 2025 жылға қарай құны 1,8 триллион теңгені құрайтын 330 жобаны іске қосамыз. Бұл мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды, жолдарды, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және салу, – деген Ермек Боранбайұлы республикалық маңызы бар нысандардың іске қосылғанын да ерекше атап өтті.Олар Степногорск қаласындағы «Aksu Technology» алтын өндіру зауыты, Көкшетаудағы «Enki Plus»кірпіш зауыты, Аршалы ауданындағы «Ақ-Дала Агро» құс фабрикасы және тағы басқалары. Баяндамашы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне де ризашылығын білдірді: Ақмолалық диқандар 5,5 миллион тонна астық жинады, әсіресе, дәнді дақылдардың ең үлкен өніміСандықтау өңірінде болды.

– Бізге бизнесті дамыту керек, бұл тұрақты кіріс. Егер адамның жұмысы болса, тыныш өмір сүреді, болашаққа сеніммен қарайды. Бұл көшіп-қонуды тоқтатып, тұрақтылыққа қол жеткізудің бірден-бір жолы. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жай сөз емес. Ауданның, ауылдың өміріне белсене қатысыңыз. Жолдар мен жаңа ғимараттарды бірге қабылдаңыз. Біз бір шешімге келу үшін халықпен бірінші кезектегі міндеттерді талқылауға дайынбыз, – деп түсіндірдіЕрмек Боранбайұлы.

***

ЗЕРЕНДІ ауданының тұрғындары әкімнің есеп беру кездесуіне жөндеуден өткізілген Айдабол мәдениет үйінежиналды. Ермек Боранбайұлы халықпен кездесу алдында спирт зауытында болды.

«Бизнес пен үкіметтің өзара іс-қимылының тамаша үлгісі». Өңір басшысы зауыттың қуаттылығын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесін осылай сипаттады. Зауыт басшысы Нұрлан Тұқпатов кәсіпорындағы жұмыстың бірте-бірте жақсарып, зауыт дизельдік отынмен қамтамасыз етілгенін, жалақы қарызы өтеліп жатқанын, қызметкерлердің жалақысы көтерілгенімен түсіндірді. Оның айтуынша, зауыттың үздіксіз жұмысын 185 маман қамтамасыз етіп отыр.

– Кәсіпорын жұмысы тиімсіз немесе өнімі өтімсіз деп айтуға болмайды. Біз бірігіп зауыт жұмысын, жұмыс орындарын, азаматтардың кірістерінқалпына келтірдік, демек, ауылдың өзін де сақтап қалдық. Сіздердің тарапыңыздан зауыт жұмысықалпына келтірілсе, бізден мәдениет үйі, жолдар, басқа да әлеуметтік нысандар қайта жаңартылды, – деді Ермек Боранбайұлы.

Ауданда өткен жылдың ішінде қыруар жұмыстар атқарылды. Биыл ауданның инфрақұрылымын дамыту бағытында Алексеевка ауылындағы су құбыры желілерін 319,3 миллион теңгеге қайта жаңғырту, аудан орталығында 45 және 40 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу көзделген.

Аудандық бюджет есебінен жалпы сомасы 84,7 миллион теңгеге 8 білім беру нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Приречное, Васильковка және Қонысбай ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Соңғы үш жылда аудандағы медициналық ұйымдардың жабдықталуы 64 пайыздан 81 пайызға артып, 140 миллион теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды.

Ермек Боранбайұлы Зеренді ауданы туристерді қызықтыратын басты өңірлердің бірі екенін баса айтты. 40 туристік нысан бір уақытта 2 мыңға жуық адамның тәулік бойы тұруын қамтамасыз ете алады. Жалпы, ауданды дамытуға 2023 жылдың соңына дейін бюджеттен 13,9 миллиард теңгеге жуық қаражат жоспарланған.Аудан тұрғындарын электр желілерінің жай-күйі мазалайды, өйткені, соңғы жылдары төтенше жағдайлар жиілеп кеткен.

– Электр желілеріне екі бригада қызмет көрсетеді. Олар 3 мыңнан астам апатты жоюға қол жеткізді. Желіні жөндеуге 58 миллион теңге инвестиция тартылып, апатты 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік туды, – деп түсіндірді аудан әкімі Әсен Жақсылықов.

САНДЫҚТАУ ауданында әзірге ірі өңдеу кәсіпорындары жоқ. Ауыл шаруашылығын, атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде ет өндіру 3,5 мың тоннаға жуықтаса, сүт өнімі 18 мың тоннадан асқан. Аудан аграршылары машина-трактор паркін айтарлықтай жаңартып, 8 миллиард теңгеге жаңа өндірістерге құрал-жабдықтар сатып алған. Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 74 миллиард теңгеден асқан.

– Ауданның инфрақұрылымында 3 жылда 2,5 миллиард теңгеге 68 шақырым жол жөнделді. Ұлан ауылында 11,5 шақырым су құбыры желісін қайта қалпына келтірілді. Сандықтаулықтардың 140 отбасына жаңа пәтерлер берілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 45 пәтерлі тұрғын үй, Балкашино ауылында 36 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді. Жылумен сапалы қамтамасыз ету үшін 28,5 миллион теңгеге орталық қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Ермек Боранбайұлы.

Каменка ауылындағы агротехникалық колледж мәселесі бірінші жыл көтеріліп отырған жоқ. Талапкерлер санының азайып бара жатыр.

– Колледж шағын. Оны Шағалалыжоғары агротехникалық колледжімен қосып, филиал ашуды жоспарлап отырмыз, – деп хабар етті облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Жалпы, аудандық білім беру саласында 27 мектеп пен 30 мектепке дейінгі ұйым жөндеуден өтті. Петровка ауылында жол салуға 100 миллион теңге бөлінбекші.

***

АТБАСАР ауданында сөйлеген сөзінде өңір басшысы ауданды жаңа деңгейге шығаратын инвестициялық жобалардың жеткіліксіздігі дамуға кедергі болып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс басшысы тұрғын үй құрылысының жақсы қарқынын атап өтті. 3 жыл ішінде 32 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 347 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болған. Облыстық бюджеттен ауданды жылумен қамтуға 569 миллион теңге, оның ішінде көмір сатып алуға 321 миллион теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау саласында да оңды істер бар. Бастау ауылында ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынған,емхана ғимараты мен аудандық аурухананың балалар бөлімі күрделі жөндеуден өтсе, Сочинское ауылында медициналық пункт салынды.

Соңғы үш жылда 2,2 миллиард теңгеге 140 шақырым жол салынып, жөнделді.Ауданды дамытуға республикалық бюджеттен1,6 миллиард теңге бөлінді.

– Тек бірлесе отырып, әрбір ақмолалық отбасын толғандыратын мәселелерді шеше аламыз, – деп түйіндеді сөзін Ермек Боранбайұлы.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар