Қол жеткен жетістіктерді баянды етуіміз керек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің өткен тоғыз айдағы даму қорытындылары мен облыстық бюджеттің орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев атап өткеніндей, облыс барлық сала бойынша жақсы даму қарқынына ие. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 116 пайызды құрап, құрылыс жұмыстарының көлемі 26,9 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласы 8,1 пайызға өсім көрсетіп, 1 триллион теңгеден астам тауарлық өнім өндірілген.

Тау-кен өнеркәсібінде өндірістің нақты көлем индексі 140,1 пайызды құрайды, құрамында алтыны бар кендерді өндіру көлемі Бурабай ауданындағы «Air G Gold» ЖШС және Шортанды мыс концентраттары Степногорск қаласындағы «СГЦК» ЖШС «Қазақалтын» серіктестігі көлемдердің ұлғаюы есебінен өскен.

Алайда, бірқатар аудандарда өндіріс көлемі төмендеген. «Бұл үрдісті өзгерту қажет: кейбір кәсіпорындар көлемді азайтса, басқалары жұмыс істеуі керек», – деп атап өтті облыс әкімі.

Тамақ өнеркәсібінде сүт өндіру көлемі Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС және Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС-інде 25,1 пайызға төмендеген. Айналым қаражатының жетіспеушілігіне байланысты «КМЗ «Молоко Синегорья»ЖШС наурыз айынан бері жұмыс істемейді, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығына осы мәселелерді рет-ретімен пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ Қанат Дүзелбаев атап өткеніндей, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста 148,2 миллиард теңгенің 5 нысаны іске қосылып, 1360 жаңа жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы жақсы көрсеткіштер: өнімнің нақты көлем индексі 116,6 пайызды құраған, бұл республика бойынша екінші көрсеткіш деген сөз.

– Қазақстанда барлығы 21,8 миллион тонна нан жиналса, оның 5,5 миллионы біздің облыстың үлесі. Бұл еліміздегі барлық бидайдың төрттен бірі, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңір диқандарының астықпен қоса, 175,5 мың тонна мал азығы дақылдары, 200 мың тонна картоп, 28,2 мың тонна көкөніс жинағандары атап өтілді. Осының барлығы облысты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Экономика басқармасының басшысы түйткілді мәселелерге тоқтала келе, елорданың Азық-түлік белдеуін дамыту аясында жоспарланған 36 жобаның бүгінде тек 10-ы ғана жүзеге асырылғанын, кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны да жоғары деңгейде екеніне тоқталды. Кәсіпкерлік субъектілері санының өсу қарқыны қанағаттандырмайды.Сондықтан, облыс әкімі жобалар бойынша жұмысты жандандыру керектігін қадап айтты. «Әрқайсысы, тіпті шағын бизнес болса да, бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Осыған алаңдау керек», – деді ол аудан әкімдеріне қарата айтқан сөзінде.

Облыстық әкімдік отырысында бағаның өсуін тежеу, жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау нысандары мен мектептерді салу және жөндеу сияқты басқа да мәселелер талқыланды. Қазан айында шалғай ауылдардағы балаларды тасымалдау үшін 30 жаңа мектеп автобустары алынды. Ал, қараша айының өзінде облыстардың мектептері көлікпен толық қамтамасыз етіледі.

– Жыл басынан бері облысымыз барлық көрсеткіштер бойынша республика рейтингінде бірінші орында тұр. Бұл орынды сақтап қалу керек, бұл әркімнің еңбегіне байланысты, – деді облыс әкімі.

Кезекті отырыста жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов баяндама жасады. Ол бұл салада оң үрдіс бар екенін атап өтті. Өңірде биылғы жылы өзіне-өзі қол жұмсау бойынша он бірәрекет және бір факті орын алғанын, ал, өткен жылғы қараша айына дейін мектеп жасындағы 5 баладан айырылғанымызды және облыста мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 19 өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген цифрларын айтады.

Соңғы алты жылдағы деректерді талдау көрсеткеніндей,2016 және 2017 жылдардағы суицид саны 14-тен 2020 және 2021 жылдары 8-9 жағдайға дейін азайғаны белгілі болып отыр. Осы уақыт ішінде ең көп адам өлімі Целиноград, Зеренді, Бұланды аудандары мен Көкшетау қаласында тіркелген.Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері жыл сайын артып келеді екен. Егер, 2016 жылы олардың саны 20 болса, 2021 жылы  27-гежеткен.

Білім басқармасының басшысы атап өткеніндей, оның себептерін анықтау және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық фактілерге жан-жақты талдау жүргізілуде. Бүгінгі таңда өз-өзіне қол жұмсаған және жұмсамақ болғандардың басым бөлігі 15-17 жас аралығындағылар екені анықталды. Негізгі себептерді болжау қиын, ол негізінен,отбасындағы жанжалдар, қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынастағы проблемалар…

Бейбіт Жүсіпов білім басқармасы қауіп-қатер тобындағы балаларды анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, психологтар мен сынып жетекшілерін оқытып жатқанын, олардың міндеті – оқушының жағдайын дер кезінде байқап, дабыл қағу, осы мәселе бойынша көптеген кездесулер, тренингтер мен семинарлар өткізілетінін айтты. Оған қоса, мектептегі бұзақылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Олар бұл мәселелерде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, Біріккен Ұлттар ҰйымыныңҚазақстан Республикасындағы Ы.Алтынсарин атындағы Балалар қорымен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Дегенмен, бұл ретте бірқатар мәселелер бар. Облыстың кейбір мектептерінде педагог-психолог мамандар жеткіліксіз. Мәселен, Зеренді ауданында екі, Біржан сал ауданында төрт, Целиноградта үш орын бос. Ал, жеті ауданда тиісті білімі жоқ мұғалімдер психолог болып жұмыс істейді. Тағы бір мәселе, психологтар кәмелетке толмағандармен ата-анасының келісімімен ғана жеке жұмыс жасай алады. Ал, олардың келісім бермеуге құқы бар.

– Ата-аналар қауымымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Балаларымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі отбасы мен мектеп арасындағы тығыз тұрақты қарым-қатынасқа байланысты екенін әркім түсінуі қажет, – деп қорытындылады басқарма басшысы.

Ермек Маржықпаев өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстарын барлық бағытта жалғастыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, отырыста жылдың  тоғыз айындағы бюджеттің орындалуы, кадрлық және басқа да мәселелер қаралды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Айдана СӘДУАҚАСОВА.

 Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар