Жарты жыл ішінде есірткі жасырып келген 20 адам ұсталды

Есірткі бизнесімен айналысатын жастар көбінесе есірткіні көрші аймақтарға апарып, сататыны белгілі. Мәселен, алты ай ішінде «Қарасора – 2022» жедел-алдын алу шарасы кезінде ұсталған үш адам Ақмола облысымен шекаралас өңірлердегі оқушылары, деп хабарлайды EsilNews интернет газеті Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарасора – 2022» жедел-алдын алу шарасы 1 маусымнан 31 қазанға дейін қарасора пісетін кезеңде жүргізілді. Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есепке алу контингентін тексеруді, жедел ақпаратты пысықтауды, интернет-кеңістікке мониторингті жүзеге асырды.

«Қарасора – 2022» республикалық жедел – алдын алу іс-шарасының қорытындысы 7 қарашада полиция департаментінде өткен кеңесте шығарылды. Осы бес ай ішінде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі түрлері, оның ішінде 17 келіден астам марихуана, 11 келіден астам каннабис өсімдіктері, 700 грамм синтетикалық есірткі заттары мен 696 грамм гашиш тәркіленді.

«Бұдан басқа, есірткімен байланысты  131 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 48-і есірткімен байланысты қылмыстар, 35-і сатумен байланысты, 8-і аса ірі мөлшерде есірткі сақтау, 5-і есірткі өсіру. Облыс орталығының аумағында Павлодар облысының тұрғындары ұйымдастырған фито-есірткі лабораториясы анықталып, көзі жойылды», – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Виталий Гудыменко.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар