Ақмола облысындағы Красный кордон ауылының атауы өзгермек

– Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған өңір әкімінің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешім құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған құжатта.

Ұсынысты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің атауы қазақшаланған болатын. Атап айтқанда, Аршалы ауданының Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы – Елтоқ ауылы және Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі болып өзгертілді.

 518 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар