– Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері толтыратын құжаттар санын қысқартқаны мәлім. Осы орайда, ведомство педагогтер қандай құжаттармен жұмыс жасаудан босатылатынына қатысты жадынама дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
— дарынды балалармен жұмыс жоспары;
— «Алтын белгіге» үміткерлермен жүргізілетін жұмыс туралы есеп;
— педогогикалық тәжірибені трансляциялау жөніндегі есеп;
— кабинет паспорты;
— өзін-өзі дамыту бойынша жұмыс жоспары;
— оқушыларды қорытынды аттестаттауға және пән бойынша білім жетістіктерін бағалауға дайындық жоспары;
— тоқсан/оқу жылы бөлінісінде пән бойынша үлгерім динамикасы бойынша есеп;
— педагогтерді аттестаттауға дайындық жоспары;
— оқу кабинетінің жұмыспен қамту журналын жүргізу.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес, сынып жетекшілері де артық құжат толтыруға міндеттелмейді.
Бұйрыққа сай сынып жетекшілері мына құжаттарды толтырмайды:
— тамақтануды есепке алу үшін оқушылардың мектепке келуін тіркеу табелі (күнделікті);
— тәрбие жұмысының материалдары сақталатын папка (сынып сағаттарының жоспарлары, есептер, фото және бейнематериалдар);
— 9 және 10-сынып түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша мәліметтер жинау;
— қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық хаттамасы;
— тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі туралы мәліметтер (Kundelik.kz);
— сынып оқушылары туралы әлеуметтік сипаттағы ақпарат (ерекше біім беру қажеттілігі бар балалар, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар туралы);
— тәртібі нашар оқушылардың мінез-құлық журналы (дәптері);
— ата-аналар жиналасының хаттамалары (әр тоқсаннан кейін);
— мектептен тыс үйірмелер мен секцияларға қатысатын оқушылардың сабақ кестесі;
— ата-аналармен жұмыс журналдары.
Бұл бағыттағы мәселелерді кеше болған аппарат кеңесінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қатаң бақылауға алуды тапсырған еді.
«Әр мұғалім күніне тек қана екі құжат бекітуі керек. Ол баланың бағасын қоятын электрондық журнал және мұғалімнің күделікті оқу жоспары. Басқа ешқандай қосымша құжат болмауы керек. Бұдан артық құжатты талап ету заң бұзушылық. Оған қатаң жауапкершілік бар», — деді министр.