Көкшетау қаласында ауыз судың сапасы әлі де мәз болмай тұр

Ол сондай-ақ, судың сапасын 30-40 пайызға жақсартамыз деп уәде етті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК Бас директоры Ермек Өмірғалиев қаланы сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айып, бірқатар негізгі мәселелерді атап өтті.

Облыс орталығын сумен қамтамасыз етумен айналысатын «Көкшетау Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында қазір 120-дан астам маман жетіспейді. Қалалық су арнасының  басшысы табысты жобалар туралы айтып, белгілі бір проблемалардың да барын  мойындады. Мәселелердің дені жылдар бойы халық наразылығын тудырып келеді, десе де шешімін табар жол әлі де жоқ. Қаланың көптеген шағын аудандарында сумен жабдықтау проблемалары бар. Сонымен қатар, шағымдар тұрғындардан жиі түседі. Мысалы, «Жайлау» шағын ауданында ұзақ уақыт бойы ауыз судың болмауы немесе қысымның осалдығы байқалады. Арна басшысының айтуынша, қазір құбыр мен резервуарды төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Содан кейін су мұнарасы орнатылып, шағын аудандағы көптеген су проблемалары шешіледі, деп сендірді Ермек Өмірғалиев. Бірақ, негізгі проблемалардың бірі кәсіпорынның өзіндегі  кадр тапшылығы болып отыр.

–Бүгінде бізде 315 адам және 80 техника жұмыс істейді. 120-ға жуық адам жетіспейді, сондықтан, біз жұмыс істеп жүрген мамандарды ұстап қалуға тырысамыз. Мәселе жалақыда емес. Шындығында, біздің жұмыс өте күрделі. Өйткені, мұнда су бұру, сумен жабдықтау және кәріз учаскелері бар, ешкім кәріз құбырларына түсіп, өміріне қауіп төндіргісі келмейді. Қала бойынша бізде су құбырында екі бригада, канализацияда 5-6 адамнан тұратын екі бригада бар. Орта есеппен 4-5 бригада болуы керек, – деп түсіндірді Ермек Өмірғалиев.

Қаланы сумен жабдықтаудың тағы бір өзекті мәселесі – ауыз су сапасының төмендігі. Көкшетау тұрғындары мұны түсіне алмай, талай мәрте шағымданды. Жақында ғана әлеуметтік желі беттері тағы да бір краннан шыққан судың жай-күйіне қатысты шағымдар мен өтініштерге толды. Осыдан кейін «Көкшетау Су Арнасы» мамандары санэпидбақылау өкілдерімен бірлесіп, су сынамаларын алған мекенжайларға барды.

–Судың сапасы туралы көптеген шағымдар мен наразылықтар бар. Біз үнемі суды зарарсыздандыруға тырысамыз, бәрі бақыланады және суды тексеру жұмыстары сағат сайын жасалады. Бірақ, су желілері ескірген. Егер тазарту қондырғыларында су сапа талаптарына сәйкес келсе, тұтынушыға магистральдық, содан кейін тұрғын үй желілері арқылы жетеді. Сөйтіп, тұтынушыларға келгенде ауыз су солай болуы мүмкін. Біз үй ішіндегі құбырларға жауап бере алмаймыз. Тұтынушылардың ішкі сүзгілері айына бір рет ауыстырылып отырады. Осы жазда тұндырғыштар жөнделді. Келесі жылы біз судың сапасын 30-40 пайызға жақсартуға бар амалдарды жасаймыз, – деп сендірді тағы да Ермек Өмірғалиев.

Қалалық канал басшысы атап өткеніндей, кәсіпорын биыл сумен жабдықтау бойынша 50 миллион теңгенің екі жобасын жүзеге асырған көрінеді. Негізгі жұмыстарды олар өз қаражаты есебінен жүргізеді. 13 жылдан астам уақыт бойы облыс орталығының су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып келеді. Ал, нақты бір оң нәтиже әлі де жоқ. Қазір жоба түзетілуде және су тазарту құрылыстарын жаңғырту бойынша басқа да ұсыныстар қарастырылып жатыр. Демек, көкшетаулықтарға ауыз судың сапалы, таза болуын әлі де күту керек.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар