Облыс әкімдігінің мәліметінше, 260 шаршы метрлік спорт залы арнайы көпфункционалды тренажерлармен, жүгіру жолдарымен жабдықталған, сонымен қатар үстел теннисіне арналған үстелдер бар. Орталықта күн сайын кесте бойынша 20-ға жуық адам келіп, демалып қайтады.
Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аталмыш демалыс орталығының жұмысымен танысты.
«Біздің бірлескен жұмысымыздың нақты жемісін көру – өте жақсы. Жақында мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері бойынша кең көлемде форум өткіздік. Келесі жылы осы бағытта көптеген жоспарларымыз бар», — деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.
Жыл сайын кәсіби спортпен шұғылданғысы келетіндердің саны артып келеді. Биыл 5 шебер мен спорт шеберіне үміткер шықты.
«Біз балаларды әлі қабылдай алмаймыз, оларға «Спешиал Олимпикс» жеке бағдарламасы қажет. Қолдау үшін рахмет!», — деп Степногорск қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі Станислав Мұхамадиев алғысын білдірді.