Ақмола облысының колледждерінде жұмыс беруші күні өтті

15 қараша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өңірдің барлық колледждерінде жұмыс берушілер күні ұйымдастырылды.

Ақмола облысы үлкен өнеркәсіптік әлеуетке ие ірі аграрлық-индустриялық өңір болып табылады.

Облыс колледждерінің 17 мың студенті тегін оқиды. «Сапалы білім беру. Білімді ұлт» Ұлттық жобасының аясында 2025 жылға қарай өңір үшін ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9-сынып түлектерін ТжКБ-мен түгелдей тегін қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Бүгін, жұмыс беруші күні облыстың барлық 32 колледжінде 500-ге жуық жұмыс берушінің қатысуымен өтті.

«Жас Маман» жобасы аясында шеберханалар, құзыреттілік орталықтарына экскурсиялар өткізілді, көрмелер, мамандықтар жәрмеңкесі, тәлімгерлер тренингтері, шеберлік сыныптары, диалог алаңдары ұйымдастырылды. Бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

2022-2023 оқу жылының басында облыс колледждерінде жұмыс берушілермен бірлесіп 280 білім беру бағдарламасы енгізілді.

Енді жұмыс берушілер болашақ қызметкеріне тиесілі еңбек функцияларын, білімдерін, дағдыларын, құзыреттері мен оқу нәтижелерін анықтай алады.

28 колледж бойынша 4,5 мың студентті қамтып отырған дуальды оқыту түрі әлі де тиімді болып қала береді.

Биыл алғаш рет облыс колледждеріне 886 студент қабылдау мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында, яғни кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылды. Бұл бастама оқуға түсу кезінде студенттерге жұмыс орындары мен практика базаларын бекітуге мүмкіндік берді, ал кәсіпорындар оқу процесіне қатыса алады, нәтижесінде жақсы дайындалған маманды жұмысқа алады.

24 мемлекеттік колледж кәсіпорындар өкілдерінің индустриялық кеңестерге белсенді қатысуын, студенттер практикасын және кәсіпорындар базасында педагогтердің тағылымдамасын ұйымдастыруды, колледждерді жабдықтармен жарақтандыруды көздейтін кәсіпорындармен қамқорлық туралы меморандумдар мен шарттар жасасты.

Жоғарыда аталған ынтымақтастықтың барлық түрлері кәсіпорындарға түлектерді қайта даярлаусыз оқыту кезеңінде өз кәсіпорындарының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемде кәсіптік білім беру жүйесін WorldSkills халықаралық қозғалысынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде жұмыс берушілер WorldSkills тәуелсіз сарапшыларының құрамына кіреді, біліктілік емтихандарының төрағалары болып табылады.

Бүгін, іс-шара аясында колледждермен тиімді ынтымақтасатын ең белсенді 96 жұмыс беруші ҚР Оқу-ағарту Министрінің, білім басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар