Степногорскіде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін демалыс орталығы ашылды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 260 шаршы метрлік спорт залы арнайы көпфункционалды тренажерлармен, жүгіру жолдарымен жабдықталған, сонымен қатар үстел теннисіне арналған үстелдер бар. Орталықта күн сайын кесте бойынша 20-ға жуық адам келіп, демалып қайтады.

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аталмыш демалыс орталығының жұмысымен танысты.
«Біздің бірлескен жұмысымыздың нақты жемісін көру – өте жақсы. Жақында мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері бойынша кең көлемде форум өткіздік. Келесі жылы осы бағытта көптеген жоспарларымыз бар», – деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Жыл сайын кәсіби спортпен шұғылданғысы келетіндердің саны артып келеді. Биыл 5 шебер мен спорт шеберіне үміткер шықты.
«Біз балаларды әлі қабылдай алмаймыз, оларға «Спешиал Олимпикс» жеке бағдарламасы қажет. Қолдау үшін рахмет!», – деп Степногорск қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі Станислав Мұхамадиев алғысын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар