Ақмола облысында ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ филиалының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларын «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында талқылады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалының, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен бизнес субъектілерінің, қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин заңнамадағы олқылықтар мен көптеген шешілмеген мәселелер ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілерге, тиісті цифрландырудың болмауына, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысына және басқа да мәселелерге байланысты.

Мысалы, вагондарды беру бойынша негізгі бизнес-процестер қол режимінде реттеледі, вагондарды бөлу жөніндегі түпкілікті шешім іс жүзінде ҚТЖ басшылығының еркіне байланысты болады, осылайша процестерді автоматтандырудың жетілмегендігі және нақты алгоритмнің болмауы жосықсыз адамдардың жеке мүдделері үшін вагондарды манипуляциялауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бір кәсіпкерге вагондарды уақтылы бермеу және басқаларына жеделдетіп беру, сондай-ақ маневрлік қызметтер көрсету кезінде жекелеген жүк алушыларға артықшылық беру фактілеріне жол беріледі.

Департамент талдау нәтижелері бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін тиісті ұсынымдар енгізді.

«Теміржол – бұл болат артерия, кез-келген мемлекеттің көлік жүйесінің негізгі буыны. Алайда, бүгінгі таңда теміржол көлігі саласындағы елеулі кемшіліктер ұйымның беделіне және оның қызметіне нұқсан келтіреді, бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіреді. Сондықтан мұнда басшылық тарапынан бақылауды қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізу қажет, бұл мәселе ауқымды сипатта екенін түсіну қажет», – деп атап өтті Айдос Жақиялин.

Өз кезегінде, ҚТЖ филиалының басшылығы өз жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Отырыс барысында өңірдің кәсіпкерлері жүк теміржол көлігінің логистикасы бойынша өз проблемаларын айтты, облыстың Антикор басшылығы аталған мәселелерді бақылауға алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар