Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет жобасындағы ұсыныстар қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет жобасындағы ұсыныстар қолдау тапты

 Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 22-ші сессиясы болып өтіп, онда 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу және тағы басқа мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев баяндама жасады. Ақмола облысының жекелеген елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы ақпаратпен депутаттарды ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Кенеш Әлімжанов таныстырды.

Ақмола облысында денсаулық сақтау ұйымдарын дамытуға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шаралар жоспарындағы өзгерістер туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Омарова баяндады.

Кадрлық өзгерістерге байланысты Ақмола облысы әкімдігінің, бюджеттік комиссияның, сондай-ақ, басқа да бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізілді. Депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, қаралған тақырыптар бойынша шешімдерді бекітті.

Сессиядан кейін мәслихат хатшысы Талғат Жүнісовтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмайтын және ҚР заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою және мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау туралы мәселені қарады.

Айта кететін жәйт, келесі жылға арналған бюджет жобасында облыстық депутаттардың сұрауы бойынша мәлімделген барлық ұсыныстар қолдау тауып, қаржыландырылатын болады. Сессия қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертулер  енгізілген хаттамалар дайындалып, бағдарлама әкімшілеріне жіберілетін болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар