«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң және оның ерекшеліктері

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына қол қойды.

Бұл заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді. Бірінші, Бас прокурор жаңадан құрылған Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын, халықаралық шарттардың және нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады. Сондай-ақ, Бас прокурор Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөнінде сот тәжірибесі мәселелері бойынша соттарға түсіндіру туралы ұсыныспен жүгіне алады.  Екінші, прокурорлардың қадағалау функциясын арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті – заң бұзушылыққа жол бермеу туралы заңды түсіндіру енгізілді.

Азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілімен өзара іс-әрекетте болады және оның қызметіне көмек көрсетеді.Үшінші, прокурорлардың азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері өзгерді. Осыған дейін көптеген шағымдар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданып отырса, енді прокурорлар халықтың мәселелерін өздері қарайтын болады.Ол үшін прокурорларқарайтын шағымдардың тізімі кеңейтілді. Азаматтардың өтініштері бойынша мемлекеттік органдар әрекетсіздік танытса, прокурорлар ықпал етіп, тиісті шаралар қабылдайды.

Бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін болса, прокурор осындай арыздарды қарауға құқылы.Сондай-ақ, егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларға және өзге де жағдайларға байланысты өзінің құқықтарын қорғай алмаса, прокурор арыз-шағымдарды қарай алады.Төртінші, прокурорлар бизнес мүдделерін қорғау мақсатында жеке кәсіпкерліктің қызметіне мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының араласуы туралы арыздарды қарай алады. Бұл ретте прокуратура өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.

Бесінші, енді Конституциялық заңда Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу функциясы пайда болды. Бұданбылай прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Алтыншы, егер бұрын прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша, сондай-ақ, заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқау берген болса, қазіргі таңда бұл нұсқаулар тізбесі едәуір дәрежеде толықтырылды, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу, атқарушылық іс жүргізу, жазаларды орындау, прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ, прокуратураның мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу.

Жалпы, прокуратура туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокурорлардың адамның, мемлекеттің және бизнес субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда прокурорлардың құзыреттілігі мен әлеуетін кеңейтетіндігі сөзсіз. Осы орайда, прокурорлардың жұмысындағы басты бағыттардың бірі адамның құқықтарын қорғау екенін атап өткім келеді.

Бірнеше күн бұрын облыс прокуратурасы өңіріміздің 20 қаласы мен аудандарын, 230 ауылдық округтерін қамтыған бір айбойы жүргізілген «Заң керуені» акциясын аяқтады. Осы акция барысында заң түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, халыққа мүмкіндігінше сол жерде көмек көрсетілді. Осы акцияға 30 мыңнан астам азамат қатысып, алименттерді өндіру, жер және медициналық көмек көрсету, жұмыспен қамту сияқты мәселелермен келген 500-ге жуық азаматқа нақты көмек көрсетілді.

Бұл прокурорлардың жасап жатқан жұмысының аз ғана бөлігі. Біздің жұмыс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға бағытталғандығын тағы бір мәрте атап өткім келеді.

Айдос МАЙЛЫБАЕВ,
Ақмола облысының прокуроры
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар