Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – басты талап - АРҚА АЖАРЫ

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – басты талап

Ақмола облысында жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин Көкшетау қаласында тұрғындармен кездесу өткізіп, еліміздің заң жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып берді, қойылған сауалдарға жауап беріп, кейбір өзекті мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.

Әділет министрі  өз сөзінде әділет органдарының қызметі, атап айтқанда, Ақмола облысындағы жұмысы туралы баяндады. Министрлік Конституцияға енгізілген өзгерістердің жалғасы болған барлық дерлік заңдардың негізгі әзірлеушісі. Бұл мәселеге қатысты Президенттің тиісті тапсырмалары да болған. Министр қазақстандықтар үшін маңызды өзгерістердің бірі ретінде Конституциялық Соттың құрылуын атады. Конституциялық Сот туралы заң қабылданды және ол биылғы жылдың 18 қарашасында заңды күшіне енді. Конституциялық сот өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастайды.

Қанат Мусин заңнамаға енгізілген түзетулер мен өзгерістерге жеке тоқталды. Қазіргі уақытта «Нотариат туралы» Заңға қабылданған түзетулердің нәтижесінде жылжымайтын мүлікпен мәмілені ресімдеу жұмысы жеңілдетілді, енді мәмілені азаматтың жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне бармай-ақ республика бойынша кез-келген нотариуста ресімдеуге болады.  Осы жылдың 20 маусымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге тегін құқықтық кеңес беруге заң жүзінде кепілдік берілді. Қанат Мусиннің айтуынша, жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша 7 мың азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

–Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы рәсімді оңайлату шеңберінде некені тіркеу уақыты 15 күнге дейін қысқартылды. Әділет министрлігі Зияткерлік меншік мәселелерімен де айналысады. Осы жылдың 10 айында Ақмола облысының тұрғындары мен кәсіпорындарының деректері бойынша өтінімдерге тауар белгілеріне 31 куәлік, өнертабыстарға 5 патент, пайдалы модельдерге 10 патент, селекциялық жетістіктерге 2 патент берілді. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 15 мемлекеттік және 90 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады. Осы уақытқа дейін олардың қызметінде 258 мың атқарушы өндіріс болды, оның 96 мыңы орындалды. Көрсетілген санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Ақмола облысы бойынша бұл 12 мыңнан астам іс, – деді Қанат Мусин.

Сот актілерін орындау әділет органдары қызметінің маңызды салаларының бірі болып қала бермек. Бұл ретте жекелеген борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктерге ие бола отырып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, я болмаса өзіне тиесілі мүлікті жасырын ұстайды. Алимент өндіріп алу жөніндегі мәселелердің көбін сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдау арқылы шешуге мәжбүр.

–Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп, борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде «бос орындар жәрмеңкесін» өткізеді. Мысалы, 2022 жылдың 10 айында Ақмола облысы бойынша осындай 13 борышкер жұмысқа орналастырылды, – деді Әділет министрі.

Қанат Мусин өзінің назарын азаматтар қарыздарын төлей алатын және нормативтік-құқықтық актілермен таныса алатын цифрлық және ақпараттық жүйелердің жұмысына аударды. Берешекті мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда орнатылған терминалдар, сондай-ақ, банктер мен «Қазпошта» мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде төлеу мүмкіндігі берілді. Берешек толық өтелген кезде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі шоттарға тыйым салуды және шығуға тыйым салуды автоматты түрде жояды.

Бүгінгі таңда министрлік «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жалпыға бірдей тегін қолжетімділікті қамтамасыз етті, бұл кәсіби заңгерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға ресми тіркелген нормативтік-құқықтық актілердің мәтінімен танысуға мүмкіндік береді. Әділет министрлігінің 119 тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Министрлік сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда құқықтық түсіндірме ақпарат орналастырылады.

–Электрондық үкімет»  және «eGovmobile»  порталы арқылы туу, неке және қайтыс болу туралы куәлікті электронды түрде алуға болады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлікті екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы алуға болады, – деп сөзін жалғастырды Қанат Мусин.

Ақмолалықтар министрге бірқатар сұрақтар қойды. Ол сауалдар алимент өндіріп алуға және сот актілерін орындауға қатысты болды. Мысалы, қоғам белсенділері Қанат Мусиннен ата-ана құқығынан айыру және бала асырап алу тәртібіне өзгерістер енгізу күтіле ме деп сұрады.

–Әзірге министрлікке ұсыныс түскен жоқ, дәлірек айтсақ, заң жобасы түскен жоқ. Егер ол келіп түссе, біз, әрине, өз қорытындымыз бен заң сараптамасын жасаймыз, біз барлық қажетті жұмыстарды орындаймыз. Мен бұл мәселе Үкімет аясында зерттеліп жатқанын білемін, өйткені, бұл нормаға байланысты көптеген факторлар бар, – деп жауап берді министр.

Қанат Мусин жеке азаматтарды бөлек қабылдады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ведомство басшысы халықтың проблемалық мәселелерін қарауға және олардың шешімін міндетті түрде бақылауға алуға уәде берді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар