Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қызмет көліктерінің кілттері табыс етілді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қызмет көліктерінің кілттері табыс етілді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев облысымыздың табиғат байлығын сақтауға зор үлестерін қосып келе жатқан өрт сөндіру бөлімшелерінің, ұлттық саябақтар мен қорықтардың қызметкерлеріне осы елеулі еңбектері үшін алғыс айтып, жаңа қызметтік көліктер мен арнайы техниканың кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

– Жүйелі жұмыстың арқасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің қалалары мен ауылдарын кең көлемде көгалдандыру бойынша алға қойған міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыру қамтамасыз етілуде. Орман кешені – көптеген өнеркәсіп салалары үшін маңызды шикізат базасы болып табылатын еліміздің ұлттық байлығы. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында облысымыздың орман қоры сақталып, қалпына келтіріліп, ұтымды пайдаланылуда, – деді Ермек Маржықпаев орман шаруашылығы қызметкерлері мен өрт сөндірушілер алдында сөйлеген сөзінде.

Облыс басшысы, облыстағы орман тәлімбақтарында жыл сайын 13 миллионнан астам екпе материал өсірілетінін баса айтты. Өңіріміздегі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұдайы қаржы бөлінуде. Биылғы жылдың өзінде 44 техника мен тіркеме техника сатып алынды.

Осы күні «Ақкөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Александр Белоусовқа «Chevrolet Cobalt»,  автокөлігінің, БДТ-3 дискілі тырмасының, ПЛН-5-35П соқасының кілттері табыс етілді. Енді Жанат Қожахметов басшылық ететін «Барап» орман шаруашылығында жаңа трактор, БДТ-3 дискілі тырмасы жұмыс істейтін болады. Еркін Жарқынбаев басшылық ететін «Үлкен Түкті» орман шаруашылығы бригадасына да JAC S3, УАЗ-3909 «фермер» автокөліктерінің, дискілі тырманың кілті тапсырылды. Ал, Ғалымбек Батталов басшылық ететін «Бұқпа» орман шаруашылығы бортты Газель мен дискілі тырмаға ие болды.

Облыс әкімі Қостанай облысындағы өртті сөндіруге біздің бөлімшелердің қосқан үлесін атап өтіп, ондағы зардап шеккендерге бірінші болып ақмолалықтар көмектескенін, 100-ге жуық адам мен 10-нан астам арнайы техника, оның ішінде тікұшақтар жұмылдырылғанын жеткізді.

Ермек Маржықпаев біздің өрт сөндірушілер Зеренді ауданындағы «Көкшетау» ұлттық саябағында және Бурабайдағы Синюха тауында болған өрт кезінде туындаған қиындықтармен абыройлы күрескенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мұндайда техникалық жабдықтаудың да маңызы зор екенін жеткізді.

– Соңғы бірнеше жылда біз құны 1 миллиард теңгеден асатын 30 мамандандырылған жедел техника, 270-тен астам түрлі өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасының жиынтығын сатып алдық. Төтенше жағдайлар департаментін жүйелі қаржыландыру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады, – деді Ермек Боранбайұлы.

Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету бөлімінің директоры Жарқын Әбілмәжінов «JAC S3» автокөлігіне ие болды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Көкшетау қаласының №1 және №2 өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлеріне де автокөліктер табыс етілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА. 

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар