Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Қоғамдық кеңестің отырысында экология мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Қоғамдық кеңестің отырысында экология мәселелері талқыланды

Сандықтау ауданының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысында экология мәселелері талқыланды.

Отырысқа өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының, аудандық Қоғамдық кеңестің, аудандық мәслихаттың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар Шыңғыс Әкімбеков экология саласының проблемалық мәселелері ерекше бақылауда екенін, олар өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілгенін атап өтті. Сондықтан қазіргі уақытта осы бағытта, оның ішінде Қоғамдық кеңестер өкілдерінің тікелей қатысуымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Отырыс барысында ауданның ауылдық округтерінің әкімдері және қоқыс шығаратын кәсіпорны елді мекендерді абаттандыру және стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Айта кетейік, бұған дейін жұртшылық Сандықтау ауданының ауылдық округтерін абаттандыруға мен ҚТҚ полигонын пайдалануға көшпелі мониторинг жүргізіп, проблемалық кемшіліктерді анықтап, тиісті ұсыныстар енгізген болатын.

Сонымен қатар, жұртшылық ҚТҚ полигондарын орналастыру үшін жер учаскелерін рәсімдеу мәселесін көтерді. Қоқыс үйінділерінің көп бөлігі құжатталмаған.

Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл құрудың одан әрі жолдарын анықтады.

Атап айтқанда, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ауданның ауылдық округтерінде ҚТҚ орналастыру және сақтау үшін жер учаскелерін рәсімдеу мен заңдастыруды, бірлескен көшпелі қоғамдық мониторингтерді жүйелі жүргізуді, аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына Тәуекел картасының проблемалық мәселелерін және басқа да мәселелерді енгізу қажеттігі атап өтілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар