«Педагогикалық зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарына арналған облыстық практикалық конференция болып өтті.

Конференция Қазақстанда сабақты зерделеуді енгізу жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін атап көрсетуге және таратуға, өңірде сабақты зерделеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыруға және сабақты зерделеу тәсілін іске асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталды.

Конференция жұмысына Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері,  облыстық білім беру ұйымдарының жетекшілері және педагогикалық қызметкерлер, облыстық, аудандық және қалалық әдістемелік қызмет өкілдері, мектептегі зерттеу бойынша жаттықтырушылар, педагогикалық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, педагогикалық колледждің оқытушылары, «Ауыл мектебі» жобасының қатысушылары, жалпы 300-ге жуық педагог кадрлар қатысты. Оның ішінде 160-қа жуық мұғалім жеке бірлескен зерттеу нәтижелерін ортаға салды. Іс-шара аралас офлайн және онлайн форматында өткізілді.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне негізделген педагогикалық рефлексияны жетілдіру мәселелеріне 300-ден астам педагог белсенді ат салысты.   Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жетекші мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп, «LS» практикалық кейстері түрінде жеке, бірлескен зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Конференцияға қатысушылар қазақстандық мектептердің оқу процестеріне сабақты зерттеуді енгізу тәжірибесіне арналған бейнефильмді тамашалады. «Сабақты зерттеу: мектеп пен мұғалімнің тәжірибесі мен дамуы» тақырыбында плакаттар түрінде өз тәжірибесін ұсынған мұғалімдердің зерттеу нәтижелерінің онлайн-көрмесіне қатысты және үздік жұмыстарды анықтады.

Жиынды Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары  Ботагөз Дүйсенова құттықтау сөзбен ашып, жылы лебізін білдірді.

Конференция барысында «Blitz-keynote» викторинасы өткізіліп, жиналған педагог қауымның қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатар, іс-шара барысында Көкшетау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы  Айнұр Мусина, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева, 2022 жылғы халықаралық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар «WALS» практикалық конференциясының қатысушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік  орталығының жаттықтырушысы Юлия Мельникова сөз сөйлеп, баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, филиал директоры Төлеген Нөгербаев сөз сөйлеп, аталмыш конференцияға жиналған білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларына «LS» және «AR» жобаларының қажеттілігін ескеріп, зор қызығушылық танытып жатқандарына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.  Ал, Белла Газдиева болса,  «LS» жобасы аясында мұғалімдердің исландиялық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Юлия Геннадьевна Мельникова іс-әрекеттегі даму мен дамудың әлемдік тенденциялары туралы тарқатып айтып, мұғалімдерді одан әрі құлшындырып, ынталандырды.

Конференция жұмысы секция залдарында жалғасты. «Пән мұғалімдерінің бірлескен зерттеуі», «Сабақты зерттеу және мұғалімнің рефлексиясы» және  «Сабақты зерттеу – оқыту тәжірибесін жақсарту құралы» тақырыбындағы секциялық залдарда 16 жеке және бірлескен зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Облыстық конференцияның пленарлық бөлімі  Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары дайындаған музыкалық нөмірмен ашылып, «LS» жобасы аясында педагогикалық шеберлік орталығының  қызметі туралы баяндалатын фильм көрсетілді.

Бұдан соң педагогтар практикалық жағдайларда проблемалық мәселелерді зерттеуге ден қойды. Практикалық кейстер әзірленіп, ортаға салынды.  Практикалық кейстерді әзірлеп, көпшілік қошаметіне бөленген педагогтар қатарында  физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  мұғалімдері И.Ф.Мельникова мен Г.О.Аяшева, Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-гимназиясының мұғалімдері С.А.Қалиева мен Б.Б.Мұратова, №6 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ж.Х.Болатова бар. Іс-әрекетті зерделеу бойынша тәжірибеге бағдарланған сессия барысында мұғалімдер іс-әрекетті зерделеу үшін әдістемелік құралдар алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері Т.А.Ткаченко және З.С.Қалиева, Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Г.В.Черепакова, А.А.Мақышева тәжірибені зерттеу шеңберінде ақпарат жинау және деректерді талдау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеп басшылары үшін жеңілдетілген сессияны педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Төлеген Нөгербаев өткізді. Мектеп басшылары білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерінің маңыздылығы мен қолжетімділігін атап өтті.

Конференция соңында мұғалімдерге дәлелдер мен фактілер түрінде өз ойлары мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар сондай-ақ, бұрын көрсетілген сілтеме бойынша кері байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара соңында облыстық конференция туралы әсерлер мен тілектері ортаға салынды. Конференция жұмысын қорытындылау барысында «еркін микрофон» әдісі қолданылып, қатысқан тыңдаушылар пікірлері мен ұсыныстарын жеке және онлайн түрінде білдіруге мүмкіндік берілді алды. Іс-шара соңында тәжірибе алмасып, зерттеу нәтижелерімен бөліскен қатысушылар марапатталды.

Гүлмира ПАЗЫЛОВА,
 Айгүл МУСИНА,
Көкшетау қаласындағы педагогикалық
шеберлік орталығының аға менеджерлері.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар