Жаңа жыл деп жасыл шыршаны отап, табиғатқа қысастық жасамайық!..

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын жер-жерде қылқан жапырақты шырша ағашынсатушылар мен оны Жаңа жыл мерекесінезаңсыз отайтындардың саны көбейе түсетіні шындық.

Өйткені, кез-келген тұрғындарды жасанды шыршадан гөрі, табиғи шыршаны таңдайтындары анық. Сол себепті де жыл сайын орман сақшылары шыршаны заңсыз отаудан қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшеді.

Осыған орай, орманқызметкерлерінен арнайы жедел топтар құрылып, шыршаны заңсыз кесуден қорғау іс-шаралары іске асырылады. Олай істемеске амал жоқ. Табиғатымызды қорғамай, мереке сайын жасыл шыршаны кесе берсек, қоршаған ортадан не қалады? Осы табиғи шыршаларды үйге орнатып, қауіпсіздік ережесін сақтамаудан неше түрлі қауіпті жағдайлар болуы да мүмкін. Біздің бәрімізге осының барлығының алдын алу керек, әр тұрғын саналы түрде табиғатты қорғап, сақтай білуі қажет.

Шырша ағашы өте баяу өседі, ал адамдар көбіне енді-енді тамыр тартып келе жатқан жас қарағайларды кеседі. Ал сол кесілген ағашты бар болғаны бірнеше күн ғана пайдаланып, содан кейін далаға лақтырып тастайды. Осы орайда, еске сала кететін бір жайт, Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен өсіру саласындағы заң бұзушылықтар үшін тиісті жауапкершілік белгіленген.
Жаңа жылды желеу етіп, қылқан жапырақты ағаштарға балта сілтегендерге арнайы айыппұл тағайындалған. Ал тым шектен шығып, орманға орасан залал келтірген жағдайда құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы, орманның ең сұлу өскіні – жасыл шыршаны заңсыз отауға тек Жаңа жыл қарсаңында ғана емес, жылон екі ай бойына қатаң тыйым салынады. Адамдардың барлығы табиғаттың қадірін түсінгенде ғана, елімізде қоршаған ортаға қол сұғушылық болмайды. Орманда өсіп тұрған ағаш та заңның қорғауында екенін ұмытпайық, ағайын!

Ең бастысы, қылқан жапырақты шырша ағаштарын сақтай отырып, бәріміз туған өлкемізді одан сайын көркейте түсуге өз үлесімізді қосатынымызды ұмытпайық. Осы үшін келер ұрпақ алғыс айтсын десек, қас пен көздің арасында өте шығатын Жаңа жыл мейрамы үшін жасыл шыршаны құрбандыққа шалмай, қадіріне жете білгеніміз жөн.

Тетейхан Молдабек,
орман шебері.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар