Өздері байқаған олқылықтар үшін алаңдайды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектеріне назар аударды.

Облыс тұрғыны Ирина Нусс ауыр науқастарға күтім жасау, халыққа паллиативтік көмек көрсету және гигиена құралдарымен қамтамасыз ету жайын қозғады. Оның пікірінше, бұл мәселеде денсаулық сақтау басқармасы мен депутаттардың көңіл бөлуін қажет ететін тұстар бар. Жатып қалған науқастарға күтім жасайтын туыстарына көмектесу мәселесімен оның отбасы да бетпе-бет келіпті. Көкшетау мен Ақмола облысында паллиативтік қызметті жақсарту бойынша барлық ұсыныстарды И.Нусс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбековке жағдайды зерделеу және шаралар қабылдау үшін берген жазбаша үндеуінде баяндады.

Заңгер Әнуар Қапезов Көкшетаудағы көрнекі ақпараттың жай-күйіне, мемлекеттік мекемелерде, қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді қолдану проблемасына қатты алаңдайтынын байқатты. Оның түнгі клубтар мен тамақтану орындарының жұмысына да қатысты сұрақтары бар.  Қоғам белсендісінің  пікірінше, барлық жерде тіл заңнамасының бұзылуы бар. Ол анықталған фактілерді жеке өзі тіркеп, ішкі саясат басқармасына және осы мәселе құзыретіне жататын басқа да мемлекеттік құрылымдарға жолдаған. Азаматтарды қабылдауға қатысқан ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова Әнуар Қапезовтың өтініштері бойынша объектілерге бірнеше рет барып, кәсіпкерлермен әңгімелескенін түсіндірді. Олар қоғам белсендісімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

Мәслихат хатшысыжас жігітке қазақ тілінің тағдырына бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Әнуар Қапезовтың өтініші бизнес субъектілерімен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлік және туризм басқармасына да жолданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар