Жас шыршалар оталмасын!

Қыс келді! Оның келуімен үлкен өзгерістер орнады. Әсіресе, ағаштар танымастай өзгерді. Егер сіз оларға алыстан қарасаңыз, онда олар күрт ақ қар жамылғанын көруге болады. Дегенмен, жақындаған кезде қысқы орман мөлдір болып көрінеді.

Қыс мезгілінде ағаштардың бұтақтары ақ мамық қарға оранғанын, ертегідей әдемі болып тұрғанын байқайсыз. Егер сіз оларға қиялға беріліп, мұқият қарасаңыз, онда аңыздардан шыққан ерекше жаратылыстарға ұқсайды.

Қыста ағаштар «хрусталь» болуы мүмкін. Мұны ауа ылғалды болып, түнде аяз болған кезде байқауға болады. Содан кейін ағаштар инелермен, яғни, аязбен көмкерілген. Әсіресе, ақ қайыңдар тартымды көрінеді. Сіз осындай орманды жерде жүрсеңіз, мұның қандай ғажап екеніне көзіңіз жетер еді. Айналада сөзбен айтып жеткізгісіз сұлулық бар екеніне таң қаласыз. Тіпті, жасыл шыршалар мен қарағайлар да ақ түске боялып, күн көзінде  жарқырайды.

Қыс мезгілінде ерекше атап өтілетін мереке – Жаңа жыл. Бұл мерекенің басты ерекшелігі, шырша безендіру мен сыйлықтар сыйлау. Мерекеде көбінесе шынайы шыршаны қолданып жатады. Алайда, мерекеден кейін оған не болатынын, яғни, шынайылығын жоғалтып, қор болып, қоқысқа тасталып жататынын ешкім ойлай бермейді. Ал, шыршаны үлкен еңбекпен өсіруге 10-15 жыл кететінін білесіздер ме?! Егер де бұл жалғаса берсе, шамамен 100жылдан кейін планетамызда ағаштар мүлдем қалмауы мүмкін. Сондықтан да, жаңа жылда табиғатты бүлдірмейтін жасанды шыршаны қолдануға шақырамыз. Егер де адам баласы шыршалар мен ағаштарды кесуін тоқтатса, жеріміз жасыл ағаштарға бай болар еді

Демек, жаңа жыл мейрамында ормандардағы шыршаларды кеспей, жасанды шыршаларды құп көрсек, олар да өте әдемі және бірнеше жылға жарамды екеніне көз жеткізуге болар еді. Орман біле білсек, үлкен қазына. Қазіргі кезде ормандарда ағаштар мен оның бұтақтары азаю үстінде, тіпті жер жүзінде адамның қолы тимеген орман ағаштары көп емес. Орман – табиғаттың қайнар көзі екенін ұмытпаған дұрыс. Ағаштар бізге таза ауамен дем алуға көмектеседі. Ендеше, адамның досы, серігі, қажеті деуге болатын орманды, оның ішінде жасыл шыршаны бір жаңа жыл мейрамы үшін азайта берсек, кім болғанымыз?! Ондай алдамшы сезімге бармай, орман-тоғайды тонап, отаудан да, молайтуды ойланайық, ағайын! Сол себепті ормандарымыз бен шыршаларымызды қорғайық!

Серік ЕРДЕНОВ,
«Қыпшақ» орман шаруашылығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар