Жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды

Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында қала әкімі Бауыржан Ғайсаның қатысуымен және құттықтау сөз сөйлеуімен облыстың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі болып өтті.

Қарлы боранға қарамастан,шамдары жарқыраған жаңа жылдық шыршаның ашылу рәсімінде облыс орталығының өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Көрікті шыршаның шамдары жағылуынақала тұрғындары мен қонақтары отбасыларымен  бірге жиналды.

– Жаңа жыл келуіне санаулы күндер қалды. Бірлігіміздің, жалпы еңбегіміздің арқасында 2022 жылы үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Ол үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Жаңа жылда көптеген маңызды мәселелерді бірлесе шешіп, биіктерді бағындырамыз деп сенемін, – деді көкшетаулықтар мен қала қонақтары алдында құттықтау сөз сөйлеген Бауыржан Ғайса.

Шамдары сән-салтанатымен жанған Жаңа жылдық шыршада түрлі-түсті отшашулар да  жарқ-жұрқ етіп, келушілердің көңілдерін бір көтеріп тастады. Биылғы мұз қалашығын салумен «КөкшеТазалық» ЖШС айналысып, бюджеттен 44,1 миллион теңге қаражат жұмсалған. Сонымен қатар, Аяз ата мен Ақшақардың 12 композициясы мен фигуралары бар мұз қалашығын салу қолға алынған.

Бас шыршаның биіктігі 22 метр. Орталық алаңда биылғы жылы ішкі алаңы бар шыршадан басқа, қалашыққа кіру тобы, төрт сырғанақ, жылдың мұз символдары, сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлері бар. Сондай-ақ, жаңа жылдың басты кейіпкерлер  – Аяз ата мен Ақшақар да алыстан көз тартады.

Құрметті облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары! Мұз қалашығының әсемдігін осы қалпында бірге сақтайық. Жаңа жылдың сиқырлы сазы жанымызға жылылық пен жаңа леп әкелсін дегіміз келеді біз де өз тарапымыздан.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар