«Таза ауа» және «Автобус» рейдтік шаралары өткізілді

2022 жылдың басынан бастап Ақмола облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары  Көкшетау қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, «Автобус» және «Таза ауа» рейдтік шараларын өткізді. Оның барысында қалаішілік 10 автокөлік тексеріліп, оның барлығы нормативтерге сәйкес келетіні  анықталды. Өлшеу жұмыстары бензинде жұмыс істейтін, еріксіз тұтанатын қозғалтқышпен жарақталған автокөліктерде жүргізілді.

Бензинді және көліктерді тексеру ҚР СТ 1433-2017 стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартта өлшеу жұмысын жүргізу жағдайлары, бензин мен газда жұмыс жасайтын көліктердегі көміртегі оксидінің (СО) және дизельдік көліктердегі түтінділік мөлшерінің нормативтері белгіленген.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне экология мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР 2021 жылдың 2 қаңтардағы №401 Заңының күшіне  енуіне сәйкес 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 «Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 334 бабына сәйкес шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ, олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану ескерту немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 100 АЕК көлеміндегі айыппұлға алып келеді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес автокөлік шығарындылығы ластаушы заттардың асып түсуі үшін айыппұлдар 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 5  есе өсті.

Айқын НҰРАХМЕТ,
Ақмола облысы бойынша экология департаменті
РММ-нің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар