ДДСҰ Қытайдан коронавирустың жаңа толқыны туралы мәліметті жасырмауға шақырды

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігін коронавирустың жаңа толқынына қатысты деректерді жариялаудан бас тартпауға шақырады. Мұндай мәлімдеме коронавирустан қайтыс болғандардың ресми саны анықталғаннан кейін жасалды. Осы мәліметтерге сәйкес, желтоқсан айынан бері COVID-19-дан туындаған тыныс алудағы проблемалардан 5,5 мыңнан астам адам ажал құшты. Тағы 55 мыңға жуық адам аталған инфекция қоздырған түрлі сырқаттардан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте Қытай эпидемияның кезекті шарықтау шегі артта қалғанын, жаңадан тіркелген науқастар саны желтоқсан соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 83 % азайғанын айтып отыр.

Қытай билігі санитария талаптарын тағы да жеңілдеткенін хабарлады. Гонконгқа жүрдек пойыздың қозғалысы қалпына келтірілді. Халықтың жаппай наразылығына байланысты ел үкіметі COVID-19-ға «нөлдік төзімділік» саясаты аясындағы өзге бірқатар шектеуден бас тартқан болатын. Осыдан кейін вирус жұқтырғандар қайта көбейіп, Қытайға келетіндерге жаңа халықаралық шектеулер енгізілді.
Бұған дейін Қытай коронавирустан бір айда 60 мыңға жуық адам мерт болғанын хабарлаған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар