Өтініш-тілектерімен келушілер көп, шешімін тапқан мәселе де аз емес

«Аmаnat» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына мұң-мұқтажын арқалап, сан сауалға жауап іздеп келетін халық көп. Өтініш айтып, арыз жазған азаматтарды толғандыратын мәселелер де сан алуан.

Біреулер баспана мәселесіне қатысты базынасын айтса, енді бірі жұмыссыздық мәселесін алға тартады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сипатындағы мәселелерді де шеше алмай жүргендер қаншама. Өткен жылғы статистикаға зер салсақ, «Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7464 өтініш келіп түсіп, оның 62 пайызы оң шешімін тауыпты.  37 пайызына түсіндірмелер беріліп, бір пайызы бақылауда тұр. Өтініштерді саралар болсақ, бүгінгі таңда қоғамды не алаңдататынын аңғаруға болады. Өзектілігі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 2211 өтінішті немесе 30 пайызды құраса, осы мәселе бойынша түскен өтініштердің 58 пайызы оң шешімін тапты. Ең бастысы, тұрғындарды электр энергиясымен қамту, халықты ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мәселелері толғандырады.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша өтініштер күнделікті қабылданып жатады. Олар – атаулы әлеуметтік көмекке тіркеу, мүгедектік алу, материалдық көмек көрсету. Осы бағытта түскен 1607 өтініштің (22 пайыз) 80 пайызы оң шешілді. Бұл ретте, 14 пайыз өтініштер  еңбек және еңбек даулары бойынша сұрақтар.

Өтініш бергендердің 84 пайызының жұмысқа орналастыру мәселесі оң шешілді.Азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 9 пайызды құрайды, бұл мәселе жедел шешімін таппай отыр.«Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар жалғасып жатыр. Апта сайын адвокат, нотариустаржәне медиаторлар қабылдау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша азаматтарға ауызша заңгерлік кеңестер, сот құжаттарын рәсімдеуге көмек берілді. Сонымен қатар, 15 тақырыптық қабылдау, 291 көшпелі қоғамдық қабылдау өтіп, 1033 адамның өтініші қабылданды.

«Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында адвокаттар, нотариустар және медиаторлар 237 қабылдау өткізіп, 451 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.Өткен жылдың наурыз айынан қыркүйекке дейін шалғай елді мекендерде 45 мобильді қоғамдық қабылдау өтіп, нәтижесінде 363 адам қабылданды. Негізгі мәселелер сумен қамту, жол жөндеу, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, әлеуметтік нысандарды, яғни, мектептер, емдеу мекемелері және мәдениет үйлерін салу және күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру болып табылады. Бұл бастама азаматтармен кері байланысты күшейту бөлігінде партияны трансформациялау жұмыстары аясында жүзеге асырылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша: өтініштердің 40 пайызы оң шешілді, 57 пайызынакеңес берілді, 11-і жұмыс үстінде. Мәселен, осындай мобильді қабылдаудың кезінде Атбасар ауданы Новосельское ауылының тұрғыны Татьяна Сафонова жаңа емхана құрылысын салу мәселесін көтерді. Қазіргі таңда дәрігерлік пункт ауыл әкімдігінің  аппараты ғимаратының бейімделген бөлмесінде орналасқан. ФАП құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгендіктен,Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша биылғы жылы ФАП ғимаратының құрылысы басталатындығын жеткізді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының құрылыс басқармасы бас мердігерді анықтау рәсімдерін жүргізуде.«Аmanat» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауларында шалғай ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген көптеген өзекті мәселелерді көптеп  көтеруде. Осындай мобильді көшпелі қабылдаулардың бірінде Жақсы ауылының тұрғыны Дулат Жамбаев жол жөндеу мәселесіне тоқталды. «Біздің ауданда ең өзекті сұрақ «Жақсы-Чистополье» жолының учаскесінің жөндеуі. 1985 жылдан жөндеу көрмеген жолдың әбден тозығы жетті.

Биыл осы жолды сапалы жөндеуден өткізіп,мәселені шешіп беріңіздер», – деп өтініш жеткізді ол. Аталған жол жалпы саны 1521 тұрғыны бар 5 елді мекенді облыс орталығымен байланыстырып, Солтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Күрделі жөндеуге 2021 жылы 400миллион теңге қаражат бөлініп,игерілсе, 2022 жылы 1 миллиард теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны 15,9 миллиард теңгені құрайды. Жоба ұзақтығы үш жыл.

Бұл жобаны жүзеге асыру халықтың әлеуметтік мәселелерін шешеді, шағын және орта бизнесті дамытуға жол бойындағы қызметтерді, жанар-жағармай құю станцияларын, жол бойында бизнес нысандарын ашуға мүмкіндік береді, облыс орталығы Көкшетау қаласына тұрғындардың кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Амаnat» партиясы Ақмола облыстық филиалы көшпелі қоғамдық қабылдауларының бірінде Есіл ауылынан келген Майра Қажетова Ақсай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау мәселесін көтерді. Арызданушының шағымы қанағаттандырылды.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, Есіл ауданында жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына облыстық бюджеттен 209 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Күнделікті тіршілік көздерін қамтамасыз ету нысандарын ағымдағы жөндеуге 100 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, 85 миллион теңгеге Есіл қаласының №1 қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  3 ыстық су қазандығы орнатылды.Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты басымдықтардың қатарында қалып отыр. Ақсай ауылының су құбырын салу және қайта жаңарту бойынша 2021 жылы құрылысты бастауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 230,2 миллион теңге бөлінді.

Бөлінген қаржы толығымен игерілді, 13 шақырымға жуық су тарату желілері тартылып, 3,5 шақырым құбыр төселді. 2022 жылы нысан бойынша жұмыстарды аяқтауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 429,9 миллион теңге, қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 66,0 миллион теңге бөлінді.Сондай-ақ, өткен жылы су тарту құрылыстары кешенін салу, 7 шақырымға су құбыры желілерін тарту, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандарды су құбырына қосу жұмыстары аяқталды.

Осылайша Есіл ауданына қарасты Ақсай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту 1000-нан астам ауыл тұрғынын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Қоғамдық қабылдаудан кейін біз әр сұрақты соңына дейін жеткізіп,  шешімін табуға тырысамыз. Ал, шешімін таппайтын мәселелер көбінесе сот шешіміне шағымдану немесе құқық қорғау органдарының қызметіне араласу  сұрақтарымен келіп түскен арыз-шағымдар.

Партияның бұған өкілеттіктері жоқ. Сондай-ақ, белгілі бір қаражатты талап ететін мәселелерді шешуге қажетті материалдық ресурстар да партияда жоқ. Емделуге ақы төлеу, үй сатып әперу сияқты мәселелер бойынша демеушілердің көмегіне жүгінеміз. Азаматтар қаржылай көмек сұрап, бізге жиі жүгінеді. Мұндай көмек шынымен керек екенін көрсек, көмектесеміз, кәсіпкерлерді, депутаттарды, демеушілерді тартамыз.

Бұл ретте партия депутаттары тарапынан көп көмек көрсетілуде. Мәселен, Есіл ауданының депутаты Сейілбек Сағатов Красивое ауылының тұрғынына баласын емдеуге 200 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, партияның көмегімен Бұланды ауданы, Капитоновка ауылындағы мектеп асханасына пеші бар электр плитасы сатып алынды.Мәдениет ауылында  тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматқа монша салуға көмектестік.

Монша құрылысына 270 мың теңге демеушілік ақша жиналды. Сөйтіп, монша салынды.Қоғамдық қабылдаулардың мақсаты – азаматтардың өтініштерін қарау және оларда көрсетілген мәселелерді шешу жолдарын іздестіру. Біз мемлекеттік және атқарушы органдар шешпей, олардан ешқандай  қолдау болмай, бізге хабарласқан адамдарға көмектесуге тырысамыз. Бұл реттегі, басты мақсатымыз халықтың партияға деген сенімін нығайту болып табылады.

Ақманат ӘЛІМБЕТОВА,
«Amanat» партиясы Ақмола облыстық
филиалы
қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар