Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Өңірде дәрі-дәрмек қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі – 97 пайыз

160 мыңнан астам ақмолалық  8,8 миллиард теңге сомаға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Өңірге жеткізілген дәрілік заттардың 97 пайызы игерілді. Жыл қорытындысы бойынша дәрілік препараттардың жалпы игерілуі 97 пайызды құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев баяндады.

Облыста тегін препараттарды беруді 70 дәріхана пункті бар 27 медициналық ұйым жүзеге асырады. Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі медицина қызметтерін жүзеге асыратын 177 тегін дәрі-дәрмек беру пункті бар.

–1439 нөмірі бойынша тегін препараттарды жеткізу және олардың бар-жоғы туралы мәлімет алу үшін бірыңғай дистрибьютордың колл-орталығы, сондай-ақ, 55-14-14 тегін нөмірі бойынша Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығы және медициналық ұйымдардың жанындағы пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл мәселелердің әрқайсысы жеке шешілетін болады, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев.

2023 жылғы аймақтың медициналық ұйымдары осы тұрғыдағы дәрілік қажеттілікке 14,92 миллиард теңге, оның ішінде стационарлық көмек шеңберіндегі қажеттілікке 5,22 миллиард теңге жұмсайды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2023 жылға жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге жуық дәрілік заттар мен медициналық құралдарға алдын ала қажеттілікті анықтайтын болады.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар