Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атанды - АРҚА АЖАРЫ

Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атанды

Жуырда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Михаил Малахов Ақмола облыстық сотында болып, ұжым мүшелерімен кездесті.

Бұл кездесудің өзіндік сыры бар. Михаил Федорович 10 жылдан астам Көкшетауоблыстық сотында судья, содан кейін төрағаның орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

Осы жолы отставкадағы судьяға өңірдің, елдің сот жүйесінің дамуы мен қалыптасуына сіңірген еңбегі үшін«Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Судьялармен кездесуде ардагер 50 жыл бұрын Ақмола өңіріне алғаш рет келіп, еңбек жолын бастағаны туралы естеліктермен бөлісті. Соғыстан кейінгі жылдардағы, кеңестік дәуірдегі соттардың алғашқы ұжымдарын, ардагер судьяларды еске түсірді.

Облыстық сот төрағасы Арман Жүкенов өз сөзінде Михаил Федорович Малаховтың өмір және еңбек жолының, өз ісі мен еліне, сот жүйесіне адал болудың үлгі-өнегесі екендігін атап өтті. Судьялар сот қонағын құрметті атағымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, аман-саулық пен ашық аспан тіледі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар