Ақпараттық хабар

2023 жылдың 19 наурызына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы тағайындалуына байланысты Ақмола облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакциялары үгіт материалдарына баспа қызметін ұсынады.

Материалдар электрондық нұсқада болуға тиісті. Үгіт материалдары «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттері редакцияларымен жасалған келісім-шартта көрсетілгеніндей, келіп түскен және тіркелген күніне, кезегіне сәйкес 100 пайыздық төлем жасалғаннан кейін жарияланады.

«Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес келмейтін үгіт материалдары газеттерімізде жарияланбайды.

Газеттің басылған нұсқаларында жарияланған барлық материалдар басымдардың интернет-сайттарында, сондай-ақ, газеттердің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде қайталанып отырады.

«Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланатын материалдардың әр шаршы сантиметрі бірінші түрлі-түсті бетте қосымша құн салығын қоса есептегенде 600 теңге, ал, екінші қара-ақ түсті бетте қосымша құн салығын қоса есептегенде 500 теңге.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар