Жазасын өтеуші түрме қызметкеріне 600 000 теңге пара ұсынған

Ақмола облыстық Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық әлемде зұлымдық ретінде өзінің жаһандық ауқымын ХХ ғасырдың аяғында тапты. Осы кезден бастап әртүрлі халықаралық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар құра бастады.

Қазақстан Республикасы ТМД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған алғашқы мемлекет. Жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстар қатаңдатылуды, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 367-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін-де, яғни «пара беру».

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, не оған теңестірілген немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру – заңмен жазаланады.

«Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ақмола облысында ҚК-нің 367-бабы бойынша 12 сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде мұндай қылмыстардың 7-і дерегі тіркелген.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жазасын өтеп жатқан «Н» есімді сотталғанды әшкереледі, ол түзеу колониясының қызметкеріне мекемеге телефондар алып келгені үшін 600 000 теңге көлемінде пара ұсынған. Бұл дерек туралы колония қызметкері құзыретті органдарға дер кезінде хабарлап, нәтижесінде бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны кінәлі адам ұсталды. Қазіргі уақытта пара берушіге қатысты іс тергелуде», деді ведомстводан.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері өңір тұрғындарын пара ұсынбауға шақырады, ол үшін бас бостандығынан айыру және басқа да жаза түрлері көзделгенін еске салады. Мұндай мән-жайлар туындаған жағдайда қылмыстық қудалау органдарына хабарлауды және сол немесе өзге адамның заңсыз әрекеттеріне бармауды сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар