Ақмола облысындағы ескі шахтада жасырын туннель табылды

– Степногор қаласына қарасты Ақсу кентіндегі ескі шахтаға түсетін жасырын жер асты туннелі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қалалық ПБ қызметкерлері Ақсу кентінің аумағында жедел-алдын алу іс–шараларын жүргізу барысында ескі шахтаға заңсыз кіруге арналған жасырын туннельді анықтады.

«Туннельдің диаметрі 1,5 және тереңдігі 8-10 метр, осы арқылы жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсуге болады. Полиция қызметкерлі мен «Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлері бірігіп туннельдің жолын тапты», деді ведомстводан.

Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар