Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиялары депутаттыққа келесі кандидаттарды тіркеді:

№4 сайлау округі бойынша (Көкшетау қ.)

Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы – 1993 жылы туған, қазақ, №19 жалпы білім беретін мектептің дефектолог мұғалімі, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Рустам Ғалымжанұлы Айбасов – 1975 жылы туған, қазақ, «АF Burabay 2007 GCK» ЖШС директорының орынбасары, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

№5 сайлау округі бойынша (Степногорск қ.)

Қапизина Әлия Есенбекқызы – 1971 жылы туған, қазақ, «А.Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Степногорск қаласында тұрады;

Қабар Хайрым – 1973 жылы туған, қазақ, «Горняк» ОМС МКҚК директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Степногорск қаласында тұрады.

№6 сайлау округі бойынша (Қосшы қ.)

Баекеева Бақытгүл Райымбекқызы – 1967 жылы туған, қазақ, «КСМК жанұя» ЖШС-нің медициналық директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Қосшы қаласында тұрады;

Қабылқақ Саян Асқарұлы – 1994 жылы туған, қазақ, «ToiLike» компаниясының басшысы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Қосшы қаласында тұрады;

№8 сайлау округі бойынша (Бурабай ауданы)

Железнова Галина Ивановна – 1963 жылы туған, орыс, «AF Burabay 2007GCK» ЖШС бас бухгалтері, өзін-өзі ұсыну бойынша, Бурабай ауданының Златополье ауылында тұрады.

№9 сайлау округі бойынша (Бұланды, Біржан сал аудандары)

Жүсіпова Айнагүл Көпейқызы – 1970 жылы туған, қазақ, Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрады;

Меңдібаева Клара Тұңғышқызы – 1964 жылы туған, қазақ, «ХПП Арна» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрады;

Рыблер Иван Александрович – 1982 жылы туған, неміс, «Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Бұланды ауданының Шұбарағаш ауылында тұрады.

№10 сайлау округі бойынша

(Ақкөл, Шортанды аудандары)

Жаншурина Анар Түлкібайқызы – 1969 жылы туған, қазақ, Шортанды ауданы Шортанды кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінің директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Шортанды ауданының Шортанды кентінде тұрады;

Мұхамедьяев Алмаз Есенгелдіұлы – 1991 жылы туған, қазақ, «Айям» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Шортанды ауданының Шортанды кентінде тұрады;

Әділ Мақсатұлы Наумов – 1978 жылы туған, қазақ, «Нордстрой» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Шортанды ауданының Шортанды ауылында тұрады;

Оразалимов Тасым Қуанышбекұлы – 1966 жылы туған, қазақ, «Сағын бидай GCK» ЖШС директоры, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Астана қаласында тұрады.

№11 сайлау округі бойынша

(Аршалы, Ерейментау аудандары)

Бижанова Нұрсұлтан Мұратұлы – 1991 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Аршалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Аршалы ауданы Аршалы кентінде тұрады;

Қасенов Мерей Бегендікұлы – 1988 жылы туған, қазақ, «Jusan bank» АҚ супервайзері, өзін-өзі ұсыну бойынша, Ерейментау ауданы Малтабар ауылында тұрады;

Қабелдинов Бегендік Амангелдіұлы – 1964 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыс істемейді, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Аршалы ауданы Волгодоновка ауылында тұрады.

 №12 сайлау округі бойынша

(Зеренді, Сандықтау аудандары)

Гончаров Виталий Викторович – 1981 жылы туған, орыс, «Викторовское» ЖШС директоры, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Зеренді ауданы Викторовка ауылында тұрады;

Байғожин Тілеғабыл Бегайдарұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Зеренді Астық» ЖШС директоры, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

№14 сайлау округі бойынша

(Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандары)

Сағымбаев Тимур Аманжолұлы – 1973 жылы туған, қазақ, «Ақ бидай» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Жарқайың ауданының Достық кентінде тұрады;

Сайдалин Серік Амангелдіұлы – 1971 жылы туған, қазақ, «Қазақтелеком» АҚ Жарқайың ӨГУ бастығы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Жарқайың ауданының Державинск қаласында тұрады;

Медеуов Ринат Амантайұлы – 1977 жылы туған, қазақ, «Орловка» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады.

№15 сайлау округі бойынша

(Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын аудандары)

Досанбаев Бекет Анарбайұлы – 1961 жылы туған, қазақ, «AgroExportKozygurt» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында тұрады.

№16 сайлау округі бойынша

(Целиноград ауданы)

Бисембаев Әнуарбек Темірбекұлы – 1982 жылы туған, қазақ. «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС директоры, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының ұсынуы бойынша, Целиноград ауданы Қараөткел ауылында тұрады;

Қожабаев Медет Ыдырысұлы – 1985 жылы туған, қазақ, «Қадам НС» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрады;

Пішенов Тимур Амангелдіұлы – 1969 жылы туған, қазақ, «Маншук АЭ» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында тұрады;

Чмутов Роман Владимирович – 1983 жылы туған, орыс, «Целиноград коммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК бас инженері, өзін-өзі ұсыну бойынша, Целиноград ауданының Ақмол ауылында тұрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар