Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әдеп – жұмыста өзіңді жақсы жағынан көрсету негізі - АРҚА АЖАРЫ

Әдеп – жұмыста өзіңді жақсы жағынан көрсету негізі

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызметі көп қырлы, сонымен қатар, жауапты. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтердің көп түрін көрсетеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға жауап береді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тіркеуші органдардың, басқа да субъектілердің қызметіне тексерулер жүргізеді және тағы басқа да көптеген қызметтерді көрсетеді,  сонымен бірге, мұндайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, сыртқы келбеті мен әдеп нормалары маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ, өз функцияларының шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін Әдеп жөніндегі уәкілдер бар.

Ақмола облысының әділет департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары маған – департамент басшысының орынбасарына жүктелген. Департаментте мен 20 жылдан астам жұмыс істеймін, сол себепті бар тәжірибемді өз әріптестеріммен, әсіресе, жас қызметкерлермен бөлісу қажет деп санаймын.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде ҚР нормативтік актілерін, көбінесе, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын, Әдеп кодексін, сондай-ақ, 2015 жылы 29 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы» қағиданы басшылыққа алады.

Осыған байланысты біз тиісті мемлекеттік органдарды шақырумен әртүрлі семинар, дөңгелек үстел, дәріс сияқты іс-шараларды өткіземіз, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысамыз, интернет парақшаларында мақалалар жарияланады, азаматтар мен заңды тұлғалардың қабылдауы жүзеге асырылады, мониторинг, қызметкерлердің сауалнамалары жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл – өз функционалдық міндеттерін орындаудан басқа ұжымда моральдық-психологиялық  ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдайтын мемлекеттік қызметші болып табылады. Осылайша біздің ұжым музей, театр және басқа да тарихи және мәдени маңызды жерлерге барады, әртүрлі тренингтер жүргізеді, әділет органдарының қызметі туралы бейнероликтер түсіреді, ұжымдағы моральдық-психологиялық  ахуалды жақсартатын және ұжымдық рух беретін спорттық іс-шараларды, экологиялық және қайырымдылық акцияларын өткізеді. Қайырымдылық акциялары туралы айта келе, мен басшылық пен департаменттің барлық ұжымына және оның аумақтық басқармалары мен бөлімдеріне, сондай-ақ, біздің әріптестер – адвокат, нотариус, заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушыларына қайырымдылық шараларын бірігіп өткізгендерін және мұқтаж азаматтарға көмектесуге дайын тұратындықтары үшін шексіз алғысымды білдіремін. Материалдық, сонымен қатар, заңды тұрғыдан да көмек көрсетілгендігін атап өту өте маңызды.

Шындығында Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі сан алуан, себебі, ол бірінші кезекте әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өтініштерін жан-жақты және сапалы қарау, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге, ұжымдағы моральдық-психологиялық  ахуалды жақсартуға бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкіл жас мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдағы жұмыс жағдайларына бейімделулеріне септігін тигізеді, егер ұжым ішінде әріптестер жұмыс профилін ауыстырса, оларға да қолдау мен кеңес қажет.

Қазіргі уақытта бәріміз білетіндей мемлекеттік басқарудың жүйесі жетілдірілуде. Сондай міндеттердің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңіру болып табылады. Аталған құндылықтар өте маңызды, себебі бұл құндылықтар – білім мен табыстың ең маңызды факторы ретінде  білім алуға талпыныс, үнемі өзін-өзі жетілдіру, өз жұмысын, өз болашағын жоспарлай білу икемділігі, бізді ерекше және бірегей ететін біздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді, тілімізді, өнерімізді сақтау сияқты құндылықтар.

Өз санасымен жұмыс істей отырып және өз әріптестеріне үлгі бола отырып, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық сананы, күллі қоғамды жақсарту бойынша шараларды қабылдай алады. Жоғарыда аталғандардың барлығы қоғамдық сананы, мемлекеттік қызметшінің санасын, біздің азаматтардың мемлекеттік аппаратқа  сенімін жаңғыртуға септігін тигізеді.

Бұл бағыттағы жұмыс алда да жалғастырылатын болады, біздің жұмысты және жалпы заңдылықты жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады. Себебі, әділет органдары өте маңызды және жауапты мемлекеттік функцияларды, нормативтік-құқықтық актілерді, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, жылжымайтын мүлік, коммерциялық ұйымдар мен азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен методологиялық нұсқаулықтарды қамтамасыз ету, ресми құжаттарды апостильдеу, сот актілерін орындау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа заң көмегін көрсету қызметімен айналысады.

Қазақстанның құқықтық жүйесі – бұл нотариат, адвокатура,  заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушыларының институттарының дамуымен байланысты екендігін атап өтуді маңызды деп санаймын. Аталған институттар әділет органдарына ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылады. Осыған байланысты, біз, әріптестеріміз – заңгерлермен бірігіп, белсенді түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоғарыда аталған заңгерлердің қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкестіктері бойынша тексерулер жүргіземіз.

Сонымен қатар, Қазақстанды цифрландыру – мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды және заманауи кезең және бұл туралы көп айтуға болады. Дегенмен, цифрландыру өміріміздің барлық саласын қамтығанын қысқаша ғана айтайын. Қазір барлық мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшірілді, біз өткізетін іс-шараларды онлайн режимде өткізу мүмкін болды, мемлекеттік қызметтер саласы айтарлықтай қысқартылды және көптеген мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімі, құжаттар тізбесі қысқартылды және тұтастай алғанда рәсімнің өзі жеңілдетті. Кейбір салаларда азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін экстерриториалды принципі енгізілді.

Бұрынғыдай әділет органдарының құзыреті шегінде сізді толғандыратын барлық сұрақтар бойынша Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметіне, департаменттің интернет парақшаларына жүгіне аласыз немесе өтінішіңізді Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша департаментке, сондай-ақ, электронды түрде (электронды пошта мекенжайы: kanc.akmola@adilet/gov.kz) жолдай аласыз.

Гүлмира ӘКІМОВА,
Ақмола облысы Әәділет департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар