Әлемнің жетекші университеттері тегін оқытатын болды

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы әлемнің озық оқу орындарынан шақырту алды. 12-інші сынып оқушылары Абылайхан Мұхамеджанов АҚШ-тың «Lehigh University» грантын иеленсе, Радмир Хабибулин Қытайдың «City University of Hong Kong (CityU)» толық грантына ие болды.

«Lehigh University» QS World University Rankings» жалпы рейтингі бойынша әлемнің 1400 оқу орнының ішінде 591-ші орында, 2023 жылғы мәлімет бойынша, АҚШ-тың 190 университетінің ішінде 80-ші орынға тұрақтаған. Ал, «CityU» университеті болса – Гонконгтың ең үздік университеттерінің бірі. Ол QS World University Rankings 2023 рейтингінде 54-ші орында.  «Mechanical Engineering» грантына ие болған Абылайхан Мұхамеджанов оқу орнын таңдағанда «Инженерия» бағдарламасына мән бергенін айтады.

– Мен университет таңдағанда инженерия мен кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктеріне баса назар аудардым. Себебі, мен инженериямен 8-ші сыныптан бастап айналысамын. Шақырту күтпеген сәтте келді, қатты қуандым. Мен дәл осы университетте оқитынымды қазірдің өзінде-ақ шешіп қойдым, – дейді ол.

Ал, «Electrical Engineering» бағдарламасын таңдаған Радмир Хабибуллин де  тыңғылықты дайындалған. – Өтініш жіберерде жақсылап дайындалып, барлығын зерттедім. Құжаттарды, дипломдарымды жинадым, 700 сөзден құралған эссе жаздым. CityU инженерия саласындағы ең озық оқу орнының бірі болғандықтан таңдадым.

Екі оқушы да қазірден бастап өзге елде білім алуға қызу дайындық үстінде. Мектепті тәмамдағанға дейін өздерінің инженерлік қабілеттерін, бағдарламалау дағдыларын арттыруға ниетті.

Ұлан БАТЫРХАНҰЛЫ,
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар