«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы: 20 мектеп

 Таяуда Көкшетау қаласында жұмыс сапарымен болған  «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов Ақмола облыстық әкімдігінде өткен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңеске қатысты. Аталмыш жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеев жүргізіп отырды.

Кеңес отырысына құрылыс, білім беру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, цифрландыру және архивтер, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармаларының басшылары, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры, мердігерлік мекемелердің өкілдері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

– «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Ақмола облысында 26 500 оқушыға арналған 20 мектеп салу жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдар аралығында 14100 орындық 10 мектеп салынады деп күтілуде. Оның ішінде 2 мектеп Көкшетау қаласында салынса, Целиноград ауданында 8 мектеп салынбақшы. 2024-2025 жылдары 12400 орындық 10 мектеп бой көтереді. Бұл мектептер Көкшетау мен Қосшы қалаларында, сондай-ақ, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарында салынады деп жоспарланған. Құрылысы жоспарланған барлық мектептердің жер учаскелері анықталды. Қайта рәсімдеу жұмыстары басталды. Жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан өңірге шамамен 152 миллиард теңге бөлу жоспарлануда, – деді облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев.

Жиын барысында «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов сөз сөйлеп, мектептерді жобалау және салу үшін жер телімдерін рәсімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық шарттарды беру, магистральдық жеткізу желілерін, инженерлік желілерді жобалау және салу, мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері туралы тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, басқарма төрағасы бизнес қоғамдастығының құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, ұлттық жобаны іске асыруға отандық жергілікті құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің қатысуы жөніндегі сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ «дайын күйде тапсыру» кешенді жұмыстарын сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтың мазмұны бойынша түсініктемелер берді.

– «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің 13-і ауылдық жерлерде. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция бола отырып, 2023 жылы 10 мектепті, ал, 2024 жылы тағы 10 мектептің құрылысын бастайды, – деді ол.

«Жайлы мектеп» оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігіне, мектептерге қадамдық қолжетімділікті және жолды жарықтандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жабдықтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар