Қорға арыз-шағыммен жүгіну 35 пайызға артты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың арыз-шағымдары бойынша қорытынды жасады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығына 759 164 өтінім келіп түскен.  Оның ішінде 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мың жүгінуші шағым қалдырды.  

Талдау көрсеткеніндей, өтініштердің 85 пайызында қорға тікелей қоңырау шалынған. Шамамен 14 пайыз өтінім Қордың «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түсті. Қордың fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты мен блогы сынды кері байланыс арналары да халық арасында танымал.

Жыл ішінде 50 мыңнан астам өтінім егжей-тегжейлі қарау және жауап беру үшін 2-ші және 3-ші қолдау желісіне жіберілді. Астана, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры операторларының кеңесін белсенді пайдаланады. Республикалық маңызы бар қалаларда медициналық қызметтерді тұтынушылар  басым әрі халық тарапынан жиі сұрақтар қойылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзін пациенттердің омбудсмені ретінде ұстанады. Сол себепті адамдар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда  Қорға жазып, хабарласады.

Өткен жылы пациенттер Қорға 24 мың шағым жіберген. Одан алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 35 пайызға артты. 2021 жылы 17,7 мың шағым келіп  түскен болатын.

Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады. Бұл шағымдардың 32,6 пайызы. Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр. Ол – 19 пайыз. Сондай-ақ, медициналық көмекті ұзақ күту тиісінше 5,8 және 4,8 пайызды құрады, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту, этика мен деонтологияны бұзу, медициналық ұйымның  ақпараттық жүйелерінде  көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп көрсеткен жалған ақпаратқа 4 және 3,2 пайыз шағымдар түсті.

Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе  ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақытылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің  дөрекі әрекеті,  ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады деп атап өтілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қорытындысында.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар  расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады. Қорға келіп түскен өтініш-шағымдарды талдау және мониторинг арқылы кері байланыстың сапасына халықтың көңілі толғаны  байқалады. Жыл қорытындысы бойынша өтінімдердің 95,3 пайызына толыққанды жауап берілген.

Мекеме медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе көрсетілетін қызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін  жоғарыда аталған байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыруы қажет. Әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім  болып табылмайды.

 Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал, ол жерде  мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты,  1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

Қордың Ақмола облысы бойынша филиалының байланыс телефондары: 8(7162)551356, 551341.

Азамат ӨМІРТАЕВ,
«Әлеуметтіқ медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар